Ақын апа тағылымы

2017 жылдың мамыр айының 17-сі күні Қостанай қаласындағы «Мирас» мәдениет сарайында Қостанай өңіріне танымал журналист, ақын апамыз Ғайнижамал Сайманқызының шығармашылық кеші өтті. Шығармашылық кешке қатысу үшін күндізгі оқу факультетінің 1 курс 101 оқу тобының курсанттарын қатыстыру жұмысы ұйымдастырылды.

Шығармашылық кеш барысында ол кісінің Орынбор облысының Адамов ауданында туып-өскендігін білдік. «Салт-дәстүрімізді, тілімізді дамытуға үлес қоссам екен» деген ойымен Жітіқара қалалық Қазақ тілі қоғамының хатшысы болып, ана тіліміздің мәртебесін көтеру жолында еңбек еткен. Ұзақ жылдар бойы облыстық «Қостанай таңы» газетінде қызмет жасаған. Жас қаламгерлердің шығармашылығын дамытуға ерен үлес қосқан тіл жанашыры екенін, және де ұлағатты ұстаз, өз өнерінің майталманы.

Апамыздың еңбек жолы қазіргі өскелең ұрпақ жастарға үлгі етерлік ұлағатты тәрбие.

Аталып отырған кештің қадірлі қонақтарыретінде жергілікті қаламгерлер Ақылбек Шаяхмет, халық ақындары Әсия Беркенова, Әлфия Орманшина, композитор Қалибек Деріпсалдин және т.б. ақын-жазушы ел-ағалары мен апаларымыз кеш иесі Ғайнижамал Сайманқызына арнау жырларын оқып, шығармашылық табыстар тілеп ізгі тілектерін білдірді.

ПжП кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры  Б. Абдыкалыков