ЖИТС/АИТВ — індет, білу міндет!

ЖИТС/АИТВ-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру мақсатында 2017 жылдың 16 мамыр күні 202 және 208 оқу тобында кураторлық сағаты өтті. Осы тәрбие сағатына Қостанай облыстық ЖИСТ алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығының эпидемиолог – дәрігері Лебедева Анастасия Алексеевнаны  шақырған болатынбыз.

Өзінің дәрісінде ЖИТС вирусының шығу тарихы, таралу жолдары, аурудың белгілері және алдына алу шаралары туралы айтып, мысалдар келтіре отырып, қазіргі таңда Қостанай облысы бойынша ЖИТС/АИТВ ауруына шалдыққан адамдар санының статистикасымен таныстырды.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!»  демекші, адамға денсаулық бір-ақ рет беріледі, ал сіздердің денсаулығыңыз өзініздің қолыңызда – деп өзінің дәрісін жалғастыра келе эпидемиолог – дәрігер курсанттармен тақырып аясында тренинг жаттығуында өткізді.

Дәріс барысында курсанттар өз сұрақтарын қойып, сонымен қатар өз ойлары мен пікірлерін білдірді.

Кураторлық сағаттың қонағы курсанттарға: әр адамның мәнді де, сәнді де өмір сүру үшін денсаулықтың әсері өте зор екендігін, сондықтан да өмірдегі ең жарқын жастық шақтарындағы деніңіздің саулығына бүгіннен бастап қамқор болыңыздар – деген тілекпен өз дәрісін аяқтады.

202 топ кураторы

полиция аға лейтенанты

Ж. Сабырбеков

 

208 топ кураторы

полиция аға лейтенанты

Н. Турсумбаева