Жеңіл атлетика      

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екндігін бәрімізге мәлім.Спортпен айналысқан адамның  денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев « Қазақстан-2030» стратегиясында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті.

Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту,моральды және затты қанағаттану үшін, өзін – өзі дамыту үшін шұғылданды.Спорт түрлерінің ішінен жеңіл атлетика ең көп тараған түрі.Оған әр түрлі қашықтыққа жүгіру мен жүгіру ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру,жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді.Жеңіл атлетика ол көнеден белгілі.Ол ежелгі Олимпия ойындардың бағдарламасына енген.Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы 1912 жылы құрылған.Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен.

Демалыс кундеріміз академия төңірегінде бос өтпейді,курсанттарды спорт жағынан ынталандырып  салауатты өмір салтын ұстануға орай өткізіледі.Жексенбі күні 3 курс арасында жеңіл атлетикадан жарыс өткізілді.Бұл жарыста 100,200,400,800 метр қашықтыққа және жарыстың эстафета түрі өтті.

Жарыс қызықты әрі әділ өтті. 1- ші орынды 3 Курс курсанттары алды.2- ші орынды 2 курс  , 3- ші орынды 1 курс курсанттары алды.

 

 

 

 

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Советов Бексұлтан