Спорт күні

Спорт — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет.Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту,моральды және затты қанағаттану үшін, өзін – өзі дамыту үшін шұғылданды.

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екндігін бәріміз білеміз.Спортпен айналысқан адамның  денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады.спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.Атақты ойшыл Ибн Сина спортты мағынасына қарай ұзын,қысқа,жеңіл,ауыр сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулықты дамыту үшін спорттың бір түрімен шектелмей 33 түрінен жаттығуы керектігін айтқан.Елбасы Н.Ә.Назарбаев « Қазақстан-2030» стратегиясында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында білім мен қатар спорт жағы да жақсы дамыған.Анрайы спорт түрлерінен бөлек  2- курс күн тәртібінде курсанттарды салауатты өмір салтына ынталандыру шарасы өтеді.Әр жұма күндері курсанттар спортпен шұғылданып салауатты өмір салтын ұстануда.Біз курсанттар, Отан қорғаушылар кез келген кезде әр түрлі жағдайларға дайын болумыз қажет.

2- курс курсанты

полиция қатрындағы

Советов Бексұлтан