Ауызбірлікпен тойланған ұлы жеңіс

Мамыр айының 5-і күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы 2 – курс курсантарының 204 –214 оқу топтарының курсанттары және 204 топ кураторы полиция подполковнигі Исмаилова Айгул  Иргезаевнамен бірге Қостанай қаласының М. Хакимжанова  атындағы 20 – шы орта мектебіне барып, «Ұлы  жеңістің 72 жылдығына» орай өткізілген іс – шараға ат салысып қайтты.

Әуелі мектеп спорт залына  кірмей алдында кіруге асығып тұрған сыныптар жеке – жеке сапталып тұрды. Бізді сыйлы қонақ көріп, жақсы қарсы алып,  алдыңғылардан болып залға кіргізді. Шара негізінен ұлы жеңіске арналғандықтан бірқатар «Ұлы Отан соғысы» ардагерлері шақыртылып, метеп тарапынан сыйлықтар табысталды. Алдымен концерттік қойылымдар қойылып, әндер айтылып, билер биленді. Сонан соң біздің курсанттардың көрермендерге ұлы мерекелік кішігірім парадтық маршымен қатар патриоттық әндері тарту етілді. Артынща шара жүргізушілері мектеп сыныптары арасында ұйымдастырылған марштық байқауды ашық деп  жариялап, топтардың өзара сайысын бастап жіберді.  Байқаудың баға берушулері мен әділ қазылары арасында біздің курсанттарда болып, мықты өнер көрсеткен топты анықтауға көмектесті. Нәтижесінде 20 – ға жуық сыныптар арасынан үздік топ командирлерімен  қатар үздік өнер көрсеткен топтарды анықтап, ардагерлермен бірге 204 – оқу тобының кураторы полиция подполковнигі Айгул Иргезаевна марапаттаулар беріп, кубоктарын қолдарына ұстатты.

Ең бастысы бұл шараның ерекшелігі баршаның ауызбіршілігімен есте қалып, арғысын ала деп алыстатпай, бергісін бөтен деп бөлмей, көп ұлтты тату бірлігімізді   сақатап,  жақсы жағынан көрсете білгеніміз болды. Әрине, осы бірліктің арқасы емес пе, осындай ұлы жеңіске қол жеткізіп отырғанымыз?!  Бірлігіміз мығым болса бізді іштен де, сырттан да ешқандай арамы ниеттілер ала алмайды…

2 – курс курсанты

полиция қатарындағы

Тұрсынбай Думанжан