Полиция және қазақстандық қоғамның әлеуметтік тұрақтылығы

Қазақстан Республикасы полициясы азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқығын және бостандығын, қоғам мен мемлекеттің мүлкін, мүддесін қылмыстық және басқа құқыққа қарсы озбырлықтан қорғауға шақырылған және мәжбүрлеу шараларын қолдану құқығы берілген атқарушы биліктің мемлекеттік органдар жүйесінің атынан өкілеттілік жасайды.

ІІО барлық қызметкерлеріне бір ортақ қасиет тән – мемлекет қойған міндеттерді орындаудағы әлеуметтік бағыттаушылық, қылмыстылықпен күрес, қоғамдық құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ішкі істер органдары жүйесіндегі кандай кәсіпке немесе мамандыққа жататындығына қарамастан, оның әрбір жұмыскерінің борышы — Қазақстан Республикасы халқының мүддесін қорғау. Бұл ішкі істер органдарындағы сан түрлі кәсіп пен мамандық иелерін «Полиция қызметкері» деген бір ұғымға біріктіреді.

Мемлекеттіліктің қалыптасуы барысында полиция және азаматтық қоғам институтының адамдар мен азаматтардың конституциялық құқығын және бостандығын қамтамасыз ету аясындағы конструктивті өзара іс-әрекеттерін дамытуын болашағы бар бағытқа жатқызамыз. Бұл маңызды стратегиялық міндет, оның шешімін табу Қазақстандағы азаматтық қоғам институтын қалыптастыру үдерісінің жылдамдығына және сапасына көп әсер етеді.

Экономикалық өсумен, өндірісті модернизациялау және дамытумен, әлеуметтік саладағы және қазақстандықтардың өміріндегі оң өзгерістермен қатар, құқық қорғау жүйесінде, соның ішінде полицияда белсенді модернизация жүргізілуде. Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған азаматтық қоғам мен оның өзара іс-әрекеттерінің ұйымдастырушылық-құқықтық шарттары құрастырылуда. Қоғамның әлеуметтік тұрақтылығы, тұлғаның әлеуметтенуі осы өзара іс-әрекеттерінің өлшемі болып табылады.

Полиция, құқық қорғау жүйесінің маңызды бөлшегі бола отырып, ерекше әлеуметтік функцияларды атқарады, әлеуметтік тәртіпті қолдап әлеуметтің тұрақтылығына және белсенді дамуына көмектеседі.

Азаматтық қоғамның соңғы жылдары адамның тіршілігінің және өмірді қамтамасыздандыруының барлық саласын: нақты өндірістен бастап адамдардың әлеуметтік инфрақұрылымын және өмір сүру ортасын дамытуға дейін қамтитын қоғамдық организм болуына байланысты қоғамдық қатынастардың дамуындағы полицияның рөлі мен мәні артып отыр.

Әлеуметпен тығыз қатынаста әрекет жасаушы полиция қоғамдық үдерістердің мониторингін іске асырады; қоғамдық қатынастардың және институттардың дамуына кедергі жасайтын жағдайларды анықтайды; тұлғаны қорғауды қамтамасыз етуге, тұлға мен қоғамның мүдделерінің теңдігін қолдауға және іске асыруға қатысады; жалпы азаматтардың және қоғамның құқықтық санасының, құқықтық мәдениеттің қалыптасу үдерісіне әсерін тигізеді; оның өзін-өзі ұйымдастыруына және өміршеңдігін бекітуге ықпал етеді.

Қазақстан полициясы, мемлекеттің маңызды әлеуметтік институты, құқық қорғау жүйесінің тұлғасы бола отырып, қазақстандық қоғамның тіршілігін қорғау міндетін орындайды. Полиция қызметінің әлеуметтік табиғаты мен әлеуметтік сипаты осыдан байқалады. Осы орайда, тұлғаның және бүкіл халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқығы мен мүддесін қорғау қазақстан азаматтары өмірінің сапасының маңызды элементі болып табылады. Құқықтық, демократиялық мемлекет құру, қоғамды дамыту бірінші кезекте олардың тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әлеуметтік мәнді қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

Жалпы, қауіпсіздік тұжырымдамасы, қауіпсіздік түсінігі туралы ой қозғағанда бірінші кезекте полиция туралы еске алады. Бұқаралық мүдденің әрбір байқалуында адамдар барлығын: полицияның жүріс-тұрысынан бастап оның киіміне дейін егжей-тегжейлеп талдайды. Осыған қарамастан, полицияның қоғамдағы абыройы әр қашанда күшті екендігі өте қызықтырады. Әлеуметтік тұрақтылық – бүгінгі күнгі мәдени және әлеуметтік өмірді қамтамасыз ететін айғақтар арасындағы күшті негіздемесінің бірінің болуы полициясыз мүмкін емес. Сондықтан, бұқаралық санаға сіңіп кеткен полиция туралы сан-алуан пікірлердің өзі ақиқатты жасыра алмайды. Қоғам тарихының тамырында белгілі бір парадокс жатыр. «Егер полиция болмағанда? …» деген сұрақтан кейін ондаған сұрақтар туындайды, олардың әр біреуінің өзінің жауабы бар.

Осы күнге дейін ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсібі маңыздылығының дәрежесі бойынша қоғамдағы озық позициялардың біріне ие болып отыр. Құтқару және қорғау – полиция жұмысының негізгі мағынасы осы, ал олар үшін ең жақсы сыйлық – азаматтардың сый-құрметі және сенімділігі.

Ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы
полиция подполковнигі
Конвисарь А.А.

 

 

Полиция и социальная стабильность казахстанского общества

Полиция в Республике Казахстан представляет систему государственных органов исполнительной власти, призванных защищать жизнь, здоровье, права и свободы граждан, собственность, интересы общества и государства от преступных и иных противоправных посягательств и наделенных правом применения мер принуждения.

Всем работникам ОВД присуще одно общее качество — социальная направленность на выполнение задач, поставленных государством, борьба с преступностью, обеспечение общественного правопорядка и безопасности. Долг каждого работника, к какой бы профессии или специальности в системе ОВД он ни принадлежал, — защита интересов народа Республики Казахстан. Это объединяет представителей самых разнообразных профессий и специальностей в системе органов внутренних дел в одно понятие — «сотрудник полиции».

В процессе становления государственности перспективным направлением является развитие конструктивного взаимодействия полиции и институтов гражданского общества в сфере обеспечения конституционных прав и свобод человека и гражданина. Это есть важная стратегическая задача, от решения которой во многом зависит ускорение и качество процесса формирования институтов гражданского общества в Казахстане.

Наряду с экономическим ростом, модернизацией и развитием производств, положительными изменениям в социальной сфере и уровне жизни казахстанцев происходит активная модернизация правоохранительной системы, в том числе и полиции. Создаются организационно-правовые условия ее взаимодействия с гражданским обществом, направленного на обеспечение социальной стабильности общества. Критерием этого взаимодействия выступает социальная стабильность общества, социализация личности.

Полиция, являясь важной частью правоохранительной системы, выполняет ряд уникальных социальных функций, способствуя стабильности и прогрессивному развитию социума, поддерживая социальный порядок.

Роль и значение полиции в развитии общественных отношений возрастает и в связи с тем, что гражданское общество в последние годы представляет собой общественный организм, охватывающий все сферы жизнедеятельности и жизнеобеспечения человека: от реального производства до развития социальной инфраструктуры и среды обитания людей.

Полиция, действующая в прямом контакте с социумом, осуществляет мониторинг общественных процессов; выявляет случаи, препятствующие развитию общественных отношений и институтов; участвует в обеспечении защиты личности, в поддержании и реализации баланса интересов личности и общества; оказывает влияние на процесс формирования правосознания, правовой культуры граждан и общества в целом; способствует его самоорганизации и укреплению жизнеспособности.

Казахстанская полиция, являясь важным социальным институтом государства, субъектом правоохранительной системы, выполняет охранительную миссию жизнедеятельности казахстанского общества. В этом проявляется социальная природа и социальный характер полицейской деятельности. При этом обеспечение безопасности, защита прав и интересов личности и всего населения является важнейшим элементом качества жизни казахстанских граждан. Построение правового, демократического государства, развитие общества в первую очередь направлены на удовлетворение их социально значимых потребностей обеспечения безопасности жизнедеятельности.

В целом, рассуждая о концепции безопасности, понятии безопасности, в первую очередь вспоминают о полиции. При каждом наступлении массовых интересов люди подробно анализируют все: от поведения полиции до ее одежды. Очень интересно, что наряду с этим репутация полиции в обществе всегда была сильной. Без полиции не возможна была социальная стабильность – одна из мощнейших основ среди факторов, обеспечивающих сегодняшнюю культурную и социальную жизнь. Поэтому разнообразные мнения о полиции, разбросанные в массовом сознании, не могут перечеркнуть истину. С аспекта истории общества имеется определенный парадокс. За вопросом «Если не было бы полиции?…» стоят десятки вопросов, каждый из которых имеет свой ответ.

Да, и по сей день профессия сотрудника органов внутренних дел по степени важности занимает одну из лидирующих позиций в обществе. Спасти и защитить — вот основной смысл работы полиции, а лучшая награда для них – уважение и доверие граждан.

Старший преподаватель кафедры

организации социальной работы

в органах внутренних дел

подполковник полиции

Конвисарь А.А.