Спорттық күн – салауатты өмір.

Ауа-райы мамыр айы дегенде жылынып, академияда жаңа өмір басталғандай.  Курсанттарымыздың жүзінен қыстың суық ызғары кетіп, барлығы да сергек өмірге бет алғандай. Кешкі жеке уақыттарында казармада отырған бір курсантты табу қиын. Барлығы да академия спорттық алаңында өздерімен жұмыс жасауда болады.

Осыдан былай ауа-райының қолайлы кезеңі келуіне байланысты барлық курстарда күн тәртібі бойынша спорттық күн қарастырылған. Осыған сәйкес 1 курс  бастығы полиция подполковнигі Ә. Тажмұханов осы аптаның сейсенбі күні 1 курс курсанттарын жүгіру алаңына алып шықты.

Спорттық күн енді апта сайын өткізілетінін мәлімдеп курс бастығы курсанттарғы спорттық күннің қалай өткізілетіндігін жеткізді. Ұлдар жүгіру алаңымен 10 айналымды еңсеру керек болса, қыздарға  әрине  ұлдардан қарағанда жеңілірек. Ол дегеніміз 5 айналымды құрайды.

Жүгіру алаңынан кейін 1 курс бастығы полиция  подполковнигі Ә.Тажмұханов өз курсанттарының физикалық мүмкіншіліктерін сынап көрді. Курс бастығы курсанттарға  қосымша күш, талпыныс беру мақсатында темір бағанға аяқтың көмегінсіз шығып түскен курсантқа демалыс күндері таңнан кешке дейін сейілдеме беруге уәде берді. Курсанттардың сейілдеме дегенде барынша тырысатыны жасырын емес. Барлығы да өздерінің қандай физикалық жағдайда екендіктерін көрсете білді.

Жалпы осыдан кейін спорттық күнді әрине дұрыс жағынан өткізе білсе, курсанттар үшін өте пайдалы екендігін көрдік. Осы бір күннен кейін әр курсанттың спортқа деген қызығушылығы арта түскендей. Әрине оған олардың арасындағы бәсекелестік те үлкен әсерін бергені анық. Дегенімен спорттық күнді осындай қызықты және курсанттар үшін алдағы күндерге өздерінің кемшіліктерін түзетуге үлкен талпыныс бере білген  1 курс бастығы полиция  подполковнигі Ә.Тажмұханов  өз ісінің үлкен маманы екені айқын.

Академия баспасөзінің мүшесі

1 курс курсанты Д. Әділдәбеков