«Татулық — достықтың киелі бесігі»

1 — мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүниежүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені — Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

Бүгінде әрбір ұлтқа салт — дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде.

«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы.

Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір — бірімізбен қоян — қолтық аралас өмір сүрудеміз.

Міне осындай татулықтың айғағы ретінде 2017 жылдың 29 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында қазақ, армян, украин, шешен, татар ұлттарының өкілдері өз тілдерінде ән салып би биледі.

ТЖБ