Еліміздің, елім дейтін ері!

Сәуірдің 30 – ы күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2 – курс курсанттарының жатақханасында ер балалар «Қазақстан – Қостанай» телеарнасының  «Біздің елдің жігіттері» атты  бағдарламасын тамашалады. Онда  академиямыздың бастығы полиция полковнигі Қызылов Мирлан  Ахмедияұлы жайлы, оның өмірі, қызметтегі және қызмет уақытынан тыс өмірін, сондай – ақ жанұясы жайлы және жалпы академиямыз жайлы  бейне баян түсірілген.

Бейнебаян басталмай жатып жыйылған курсанттар көруге асығып, тағатсыздана күтіп отырды. Басталған сәтте Мирлан Ахмедияұлын көрген біздің курсанттардың жүздерін қуаныш кермеп, жетекшімізге деген жылы махаббаттары байқалды. Бұл бейнебаянда әуелі акадеиямыздың тарихы айтылып, академия мұражайы көрсетіліп, ондағы ең қымбат саналатын киелі бұйым, қазақтың қара домбырасы көрсетілді. Мұнда домбыраның тарихын, мұнда қалай келгенін, академиямыздың бастығы өзі толық айтып берді. Одан кейін академиямыздың біршама жеткен жетістіктерін, курсанттардың, офирцерлердің әскери тәртіптерін, жоғарғы оқу орындары арасындағы беделді орнымызды ерекше  атап өтті. Сонан соң Мирлан  Ахмедияұлының өз аузынан сөйлеген қысқаша өмірбаянын, осындай дәрежеге қалай жеткендігін, осындай дәрежеге жетуіне пір тұтатын ұстаздарының арқасы екендігін айтып, сол өткен шақтарын еске алып, бір серігіп алды. Ол кісінің жанұясында жұбайымен бірге  үш перзенті  тәрбиелеп өсіргенін және басқа да мәліметтерді жұбайы айтып өтті.

Жалпы бұл бйнебаяннан түйген ойымыз, осындай жанымызда жүрген жақсы адамдардан үлгі алып, еңбекқор болуға, еліміздің ерім дейтіндей нағыз құрыш болаттай жігіттері, азаматтары болуға  неге болмасқа …

КОФ 2 – курс курсанты

Тұрсынбай  Думанжан