«Сенің азаматтық құқығың» атты ойын-викторинасы.

Тәрбиелі  — тәртіптің құлы,

Тәртіпті – елдің ұлы.

                      Бауыржан Момышұлы.

 Қазақстан полициясының құрылғанына биыл 25 жыл. 1992 жылы «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары» туралы Заң қабылданған болатын. Бұл – Қазақстан полициясының істері мен қызметін анықтайтын бірінші құжат. Ал, 2007 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 23 маусым полиция күні болып бекітіліп, содан бері жыл сайын құқық қорғаушылар кәсіби мерекелерін атап өтеді. Осыған орай 2017 жылы 21 сәуір күні Академияның 1 дәріс залында Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған. «Сенің азаматтық құқығың» атты ойын-викторинасын мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры А. Ақылбекова, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны М. Смагуловпен мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы, полиция аға лейтенанты А. Қаражанмен өткізілді.

Мақсаты: тақырыптың мазмұнына байланысты білім беру арқылы курсанттардың азаматтық жауаптылығын, қоғам алдындағы міндеттерін түсіндіру. Курсанттардың терең ойлау,  өз ойларын ашық және толық жеткізе білу, пікір таластыру қабілеттерін дамыту.

Әділқазылар: 3-курс аға оқытушы-әдіскер, полиция майоры А. Дощанова, әлеуметтік–гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны Б. Алпеисов, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы, полиция аға лейтенанты А. Қаражан.

Ойын-викторинасына 4 команда қатысты: 1 команда «Қырандар», 2 команда «Бақыт», 3 команда «Барыс», 4 команда «Арлан».

Курсанттар  ойын ішіндегі қойылған викторинаның  санаттары мен сұрақтарына  ынталана  жауап  берді. Ойын-викторина курсанттар үшін өте қызықты, көңілді және мазмұнды өтті.

Ойынның соныңда әділқазылар шешімдерін шығарып, командаларды дипломдармен марапаттап, құттықтады.

Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының

аға оқытушысы, полиция майоры  А.Ақылбекова