«Біз және құқық» атты брейн-ринг

2017 жылдың 20 сәуірі күні Академияның оқу залында 1, 2, 3-курс курсанттарының арасында Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған «Біз және құқық» атты брейн-рингті 301-оқу тобының кураторы, полиция майоры А. Ақылбекова, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Г. Цой және ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері бірлесе отырып өткізді.

Мақсаты: Конституциялық, азаматтық, еңбек құқығының негіздерінен қазіргі заманның адамына ең қажеттерін іріктеп ала білуге үйрету. Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, ой өрісін дамытып, ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру. Заңды құрметтейтін тұлғаны қалыптастыру.

Сайысты бағалауды ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, полиция подполковнигі Д. Мендыбаева, ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, полиция капитаны К. Ташенов, 1-курс магистранты, полиция аға лейтенанты А. Шотай атқарды.

Брейн-ринг ойынына 3 команда қатысты: 1 команда «Жорға», 2 команда «Барыс», 3 команда «Бақыт».

Әр топта 5 ойыншыдан болды. Топтар қарама-қарсы орналасқан үстелдерде жайғасты.

Брейн-ринг турлары:  №1- тур. Глоссарий «Тәртіп орнат». № 2 тур. Байқау «Құқық дегеніміз не?». № 3 тур. Жұмбақ. № 4 тур. Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеттерін анықтаңыз. 5 тур. «Тіл өнері».

 Әрбір топ ойынның шарттарына қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті.

Ойынды қорытындылай келе қазылар алқасы үш команданы дипломдармен марапаттап, тәтті сыйлықтар сыйлады. Сайыстың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломға 3 курстың «Жорға» командасы ие болды.

301 оқу тобының кураторы

полиция майоры

А. Ақылбекова