КУРСАНТТАРДЫ ӨНЕРГЕ БАУЛУ

2017 жылдың 22 сәуірінде Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 101 оқу тобының курсанттары мен кураторы, полиция капитаны Қ.Ташенов І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының қара шаңырағында болып, М.Байжиевтің «Құдалар» трагикомедиясын тамашалады.

Қойылымды көрген курсанттар шек сілелері қатып, күлкіге бір қарық болды. Театрдың әрітстері өздерінің әртістік шеберліктерін көрсете біліп, образды жақсы сомдай білді. Күнделікті күйбең тіршіліктен жалыққан курсанттар, өнер ордасы театрға келіп бір демалып қалды.

«Құдалар» трагикомедиясын қоюшы режиссер – Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Қайыпберген Есенғұлов.

Рөлдерді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі – Ш. Есенғұлова, Б. Танатқанұлы, К. Ахметова, Қ. Қайшығұлов, А. Бірмағамбетова, Қ. Иманов, А. Досановалар өздерінің мықты әртіс шеберліктерін көрсетті.

Қойылым курсанттардың көңілінен шығып, тәрбие жағынан зор әсерін тигізді.

101 оқу тобының кураторы

ҒЗО ғылыми қызметкері

полиция капитаны

Қ.Ташенов