Курсанттар киім үлгісін өзгертті

2017 жылдың 19 сәуір күні ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 3 курс басшылығы 2014 жылы қабылданған 3-курс курсанттарын Академия алаңында жазғы киім үлгізіне өтуге арналған саптық байқауын өткізді.

3 курс бастығының саптық дайындық жөніндегі орынбасары Н.Бақытқалиұлы жеке құрамды сапқа тұрғызып, курс бастығы М.Серікұлына мәлімдеме берді. Курсанттар пәрмен бойынша амандасып, жеке құрамды түгендеп, курсанттардың белгіленген түрдегі сыртқы киім үлгісін, шаш үлгісін, аяқ киім үлгізін және тазалығын, қызметтік куәліктерін, сондай-ақ рұқсат қағаздарын тексерді. Байқау соңында курсанттар Академия алаңында сап түзеп өтті. Аталмыш байқаудың мақсаты, курсанттардың мезгіл бойынша киім ауыстыруын бақылау ғана емес, жалпы курсанттарды саптық бойды түзетуге, ширақтыққа, ептілікке, тәртіптілікке, жеке саптық тәсілдерді, сонымен қатар бөлімше құрамында үйлесімді қимылдарды дұрыс және жылдам орындауға бағытталған.

3 курс курсанты У.Маликова