Шығармашылыққа шақыру

12 сәуір күні «Ғылым күніне» орай, Академияның оқу залында Қостанай облысының «Ақ қауырсын» әдеби-танымдық  жас ақындар клубы мен «Жастар» бірлестігі мүшелерімен және ҚР Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 1 курс курсанттармен біріккен кездесу болып өтті. Онда ақындарымыз А. Мауданов, дарынды айтыскер Н. Ақбаба, өз өлеңдерін оқып, қызықты әңгіме-дүкен құрысты.  Қостанай қаласындағы студенттердің басын қосатын «Жастар» бірлестігінің  құрушысы, «Алау» телеарнасының жүргізушісі Ж. Кенжеғұл атқаратын істерді туралы айтты және клуб мүшелігіне қабылдауға шақырды. Студенттер жастар клубын дамытудың түрлі жолдарын ұсынып, өз ойларын ортаға салды. Қонақтар курсанттармен бір-бірімен тез тіл табысып, жарасымды кездесудің сәнін арттыра түсті. Кездесуден кейін курсанттар өз ой-пікірімен бөлісті:

Р. Оспанова: Бүгінгі жиын жақсы өтті. Тың идеялар ортада талданып, алдағы жоспарлармен таныстық.

Д. Камасов: Отырыстан көңілді қайттым. Бүгін ұйымның мақсаты айқындалып, жоспарлары анықталды. Талантты жастар бұл жобаның болашағы бар екендерін көрсетті.

Д. Дуамбеков: жап-жақсы отырыс болды. Алдағы уақытта одан да жақсы болады деген сенімдемін, бастысы ынта-ықыласымыз жоғалмасын.

 

106 оқу тобының кураторы

ҚПжК оқытушысы

полиция капитаны А. Ғалым