Курсанттардың жемқорлыққа қарсы бағытталуындағы психологиялық қалыптасу қадамы

Мемлекетіміздің барлық құқық қорғау қызметінің басты шарттарының бірі-  сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғарғы деңгейдегі мәдениеті, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің үлгілі қалыптасуы және сапалы құқықтық дайындығы болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бiздiң қоғам мен мемлекетiмiздің өзектi мәселелерінің бірі және ол мемлекеттiк тiреулердi iшiнен бөлшектеп, әлсiретедi. Халқымыздың игiлiгiне қызмет ету үшiн жаны мен жүрегiн салуға даяр, адал адамдардың алға басқан бастамалары мен ынталарын жоққа шығарады.

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының КОФ 3 курс 309 және 310 оқу топтары курсанттарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған пәндердің бірі «Ішкі істер органдарындағы сыбыйлас жемқорлыққа қарсы қызмет» тәжірбиелік сабағы педогогика және психология кафедрасының оқытушысы полиция аға лейтенанты Н.Тұрсынбаевамен бірігіп өткізілді. Сабақ курсанттардың жемқорлыққа қарсы білім жүйесін, криминологиялық ойлау үрдісін дамытуды және сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарға ғылыми көзқарастарын, сондай-ақ бүгінгі таңда жемқорлық қылмыстарын алдын алу стратегиясын қалыптастыру мақсатында психологиялық жаттығулар мен тренингтер түрінде өткізумен орын алды.

Құқықтық психологиялық тренингтер «Жемқорлыққа қарсы бағыттау табиғатының психологиялық ерекшеліктері» тақырыбының мағынасын терең ашатынына, әрі курсанттардың осылайша жылдам қабылдайтынына байланысты сабақтың осы өту нысаны таңдалды. Тақырыптың басты мақсаты жемқорлықтың орын алу мәселелерін және болашақ полиция қызметкерлерінің жемқорлыққа қарсы позицияларын қалыптастыру болып табылады.

Тренинг барысында бірнеше бағыттағы жұмыстар жүргізілді. Курсанттардың психологиялық ойларын анықтап, «Сұңқар», «Қыран», «Қазақ хандығы» сияқты топтарға бөлініп, ұжымды түрде жұмыс атқарды.  Тақырып аясындағы бейне роликтер көрсетілді және курсанттар сыбайлас жемқорлыққа түсініктеме беріп, оның алдын алуы туралы пікірлерін ұсынып «парақор адамға» атты хаттар жазып, түрлі қабырға газеттерін салып, мағынасын түсіндіре кетті. Тренинг сабағы арасында курсанттармен кофе брейк ұйымдастырылып, дастархан үстінде де курсанттар пікір алмасты.

 

Қылмыстық, қылмыстық-атқару

құқығы және криминология

кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты С.Жолдаскалиев