“Арнаулы кезекті атақ”

Сәуірдің 7 – сі күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 2 – курс курсанттарының кіші сержанттар құрамына  кезекті сержант атағын табыстау салтанаты өткізілді. Әуелі Академия бастығының көмекшісі полиция полковнигі Айткулов Қайрат Жаукенұлы  2 – курс  кіші командирлер құрамының кезекті сержант атағын алуға дайындығын және  Академия жеке құрамының сап түзеп тұрғандығын  Академия бастығының орынбасары  полиция полковнигі Каппасов  Ербол Төлегенұлына баяндады. Өз кезегінде Ербол Төлегенұлы Академия жеке құрамымен амандасып болған соң мемлекеттік әнұранымыз шырқалып, кіші сержанттарға кезекті сержант атағын табыстауға көшті.

Жыл бойы асыға күткен кезекті атақтарын алуға талпынып тұрған кіші командирлер құрамы аттары аталғанда езулері жиылмай, қуаныштан бастары көкке бір елі жетпей тұрғандай сезімде болды. Барлығына түгел атақ беріп болған соң, барша сержанттарды  құттықтап  және  Қайрат Жаукенұлы таңғы саптық таратуға пәрмен берді. Академия жеке құрам плацты саптық адыммен басып өтті.

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Маратов Мадияр