Академия түлектері: қайта көруге қуаныштымыз

Жақын арада ғана олар Академияның саптық алаңында тұрып ант қабылдаған болатын. Бұрынғы курсанттар – қазір республикамыздың түрлі облыстарында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қызмет атқарып жүрген офицерлер. Тағы да туған оқу орнына келу, осында білім алған әр оқушының арманы, сондықтан Қостанай академиясының түлектері, мүмкіндік туып жатса, біліктілікті арттыру курстарына келуге талпынады. Оқыту процесінде өзінің кәсіби қызметіне қатысты білімін жаңартып, мәселелі сұрақтарды талқылап, тәжірибесімен бөлісіп, және де курсанттық өмірін еске алады.

Выпускники Академии: мы рады побывать здесь вновь

Еще совсем недавно они стояли на плацу Академии и принимали Присягу. Теперь бывшие курсанты — это офицеры, которые служат в подразделениях уголовно-исполнительной системы в различных областях нашей республики. Побывать опять в стенах родного учебного заведения, наверное, мечта каждого кто здесь когда-то обучался. Поэтому выпускники Костанайской академии всегда, если выпадает такая возможность, стремятся приехать на курсы повышения квалификации. Ведь в процессе обучения можно получить новые знания, касающиеся профессиональной деятельности, обсудить проблемные вопросы, поделиться своим практическим опытом и просто вспомнить свою курсантскую жизнь.

Киселева Екатерина (ДУИС по Карагадинской области): «Я закончила Академию в 2013 году и хочу прежде всего отметить благоустройство учебного заведения – красивый плац, стенды, памятник Шракбеку Кабылбаеву, все это приятно увидеть, нам, бывшим курсантам. Нас, выпускников Академии приглашали на учебные занятия факультета очного обучения, где мы делились своим, пока еще не очень богатым опытом работы. Очень много вопросов слушатели задавали по адаптации в органах внутренних дел молодых сотрудников, интересовались условиями нашей службы.

Приятно видеть, что очень много курсантов посещает библиотеку, читальный зал.

На многие вопросы, здесь, на курсах повышения квалификации мы получили разъяснение, особенно по новым законодательным актам. Мы благодарны нашим преподавателям — Слепцов И.В., Волошина Т.А., Тойматаев Д.Б., Ильина Т.А., Туйганов М.С., Эсов Б.К., Симонова Ю.И., Туретаев К.С. Спасибо сотрудникам Института – курсы повышения квалификации были хорошо организованы и прошли очень динамично. Хочу в канун 25-летия казахстанской полиции пожелать процветания нашей Академии и конечно успехов в обучении будущих сотрудник органов внутренних дел».

Шкляев Николай (ДУИС по Костанайской области): «Все темы, которые мы прошли в процессе обучения были актуальны. Занятия вели большие профессионалы — Слепцов И.В., Туйганов М.С., Руденко Ж.М., Симонова Ю.И., Пьянников В.И., Тулкинбаев Н.А., Чиржова О.В., Волошина Т.А., Эсов Б.К.
Очень понравились психологические тренинги, многое мы теперь возьмем на вооружение в нашей работе.
Большое спасибо руководству Академии, всему профессорско-преподавательскому составу Академии за новые знания и полезную информацию».

Касымов Нуржан (Ақмола облысы бойынша ҚАЖД): «Барлық оқытушыларға үлкен алғысымды білдіремін. Біліктілікті арттыру курстарында көптеген пайдалы және қажетті ақпарат алдық. Әсіресе, бізге психологиялық тренингтер — «ІІО қызметкерлерінің коммуникативті құзыретін қалыптастыру (оқытушы Руденко Ж.М.), «Қызметкердің деструктивті мінез-құлқының алдын алу» (оқытушы Волошина Т.А.) қатты ұнады. Тікелей біздің кәсіби қызметімізге қатысты– сотталғандармен психодиагностикалық жұмыстың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері, сотталғандарды қайта әлеуметтендіру кезеңдері, сотталғандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша сұрақтарды О. Чиржовамен, Т. Ильинамен талқыладық. ІІОӘЖҰ кафедрасының бастығы Н.А. Толқынбаев өткізген «АИТВ-ның алдын алу және зиянды төмендету бойынша бағдарламасы» тренингі өте өзекті болды.
Шет елдерде оқудан өткен Академия қызметкерлерімен (Кужабаева Г.Т., Шалгимбаев М.Х., Ескатова Г.К.) кездесу де өте танымды болды. Оларға өте қызықты да қажетті ақпарат үшін үлкен рахмет. Менің ойымша, бұндай кездесулерді барлық келетін тыңдаушыларға өткізу керек.
Оқуға бөлінген бір апта ғана уақытты мен жеткіліксіз деп ойлаймын. Болашақта тағы да көптеген жаңашылдықтар мен қажетті білім алу үшін Академиямызға келемін деп үміттенемін. Рахмет!».

Байзаков Бекзат (Алматы облысы бойынша ҚАЖД): «Мен Академияға қуана-қуана келдім. Өзімнің курсанттық жылдарымды еске түсіріп, аудиторияларды, казарманы аралап, жаңартылған саптық алаң мен Ш. Қабылбаевқа қойылған ескерткішті көру үлкен қуаныш, өйткені біздің жанымыздың бір бөлігі Академияда қалған. Біліктілікті арттыру курстарында сабақ өткізуші барлық оқытушы бізге қажетті білімді жетік тілмен жеткізеді. Өзіміздің қызметімізге қатысты көптеген ақпарат алдық, заңнамадағы өзгерістерді талқыладық, тренингтерге қатыстық. Магистратурада білім алып жүрген курстастарымды көріп өте қуандым. Курстардың бір апта ғана өтетіні өкінішті. Қостанай академиясына табыс пен гүлдене беруін тілеймін».






Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институты
Институт повышения квалификации и переподготовки