Саптық дайындық

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ІІ курс курсанттарында аптаның әр сейсенбі күні саптық дайындық өтеді.

Саптық дайындықта біз марапаттау кағазын алу,саптық қалыпты ұстап үйрену, саптық адыммен патриоттық әндерді айтып, бірдей және жылдам қимыл жасауды үйренеміз.

Жалпы саптық дайындық – әскери қызметшілерді, курсанттарды тәртіпке үйрететін оларда жоғары саптық бойын түзету, үлгілі әскери түр, саптың тәсілдерді жылдам және дәл орындай алуды қалыптастыратын, ширақтыққа, ептілікке және шыдамдылыққа үйретеді.Сонымен қатар саптық дайындық бөлімшенің саптық үйлесімділігін қалыптастырады,оларды оңай басқарылатындай етеді және әскерлердің ұрыстық әзірлігін жоғарлатуға ықпал етеді.Ол курсанттардың және бөлімшенің табысты тактикалық дайындығының негізі болып табылады.

Жеке саптық үйрету саптық дайындықтың негізгі түрі болып табылады себебі жалпы бөлімшені және бөлімді үйрету мен үйлестірудің табысты болуы әрбір курсанттың дайындық дәрежесіне байланысты болады.Саптық дайындық шамамен 40-50 мин болады.Саптағы тәсілдер мен іс қимылдарды ойдағыдай орындау үшін әрбір курсанттың сап туралы түсінігі болу керек.

ІІ курс курсанты
полиция қатарындағы
Советов Бексұлтан