«ҒЫЛЫМ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДЫҢ КЕЗЕКТІ НӨМІРІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында шығатын Халықаралық «Ғылым» журналының кезекті нөмірі басылып шықты (№1 (52) 2017).

«Ғылым-Наука» журналы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2016 жылғы 17 қазандағы №1027 бұйрығымен заң ғылымдары бойынша ғылыми қызметтің негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізбесіне енгізілді.

Журналдың кезекті нөмірінде Қазақстанның, жақын шет елдердің жетекші ғалымдарының ғылыми мақалалары жарияланды.

Авторлардың ғылыми жарияланымдар ауқымы өте алуан түрлі. Журналда Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметі мен заңнамаларды қолданудың өзекті мәселелері, кәсіптік оқыту және ішкі істер органдарының білікті қызметкерлерін даярлау, әлеуметтік-гуманитарлық ілімнің өзекті мәселелері; шетелдердегі құқық қорғау қызметі бойынша ғылыми мақалалар жарияланған. Жас ғалымдардың ғылыми зерттеулер нәтижелері «Жас ғылым мінбері» бөлімінде көрініс тапты.

Біз әріптестерімізді одан әрі шығармашылық ынтымақтастыққа шақырамыз.

ОПУБЛИКОВАН ОЧЕРЕДНОЙ НОМЕР
МЕЖДУНАРОДНОГО НАУЧНОГО ЖУРНАЛА «ҒЫЛЫМ»

Опубликован очередной номер Международного научного журнала «Ғылым-Наука» Костанайской академии МВД Республики Казахстан имени Шракбека Кабылбаева (№1 (52) 2017).

В соответствии с приказом Комитета по контролю в сфере образования и науки МОН Республики Казахстан от 17 октября 2016 года №1027 Международный научный журнал «Ғылым-Наука» был включен в перечень изданий, рекомендованных для публикации основных результатов научной деятельности по отрасли «Юридические науки».

В очередной номер журнала вошли научные статьи ведущих ученых Казахстана, стран ближнего зарубежья.

Спектр научных публикаций авторов достаточно разнообразен. В журнал вошли статьи по актуальным вопросам правоохранительной деятельности и применения законодательства Республики Казахстан, профессионального обучения и подготовки квалифицированных сотрудников органов внутренних дел, социально-гуманитарного знания, правоохранительной деятельности за рубежом. Результаты научных исследований молодых ученых нашли свое отражение в разделе «Трибуна молодого ученого».

Приглашаем наших коллег к дальнейшему творческому сотрудничеству.

Исмагулова Г.К., Аманова Н.И.,

ҒЗжРБЖҰ бөлімі