Шахмат ойынының шебері – өнерлі қонақ курсант

Спорттың түрлері өте көп. Барлық спорт түрлері физикалық дайындықты талап етеді. Бірақ ой мен мидың өрісін дамытатын және физикалық дайындықты талап етпейтін спорт түрлері де бар. Соның бірі әлемге әйгілі ойын «шахмат». Шахмат ежелден келе жатқан атақты, ойлау  қабілетін жоғары керек ететін ойын түрі.

Біздің академияда да шахмат ойынының шеберлері аз емес. Шахматтан курс арасындағы және әрбір курстардың өз араларында да жарыстар өткізіліп тұрады. Мықты ойыншыларды академиядан тыс жарыстарға қатыстыру да академия басшылығы тарапынан қарастырылған.

1 курс курсанттары арасында өткен демалыстарда шахматтан жарыс өткізілді. Жарыс өте тартысты өтіп, финалдық кездесуге Тәжікстан Республикасынан келген қонақ курсант шықты. Полиция қатарындағы Курбонзода Раджабалии курстың өз арасындағы жарыспен шектелмей, Қостанай қаласында өткізілген жоғарғы оқу орындарының арасындағы  жарыста жүлделі үшінші орынды иеленді. Сәтті ойын көрсетіп жүрген қонақ курсант күнделікті бос уақытында дайындық жүргізеді. Дайындығын шыңдап алдағы жарыстарда жүлделі ойын көрсетсем деген мақсаттары үлкен 7.