Мерекеге орай  кіші футболдан  жарыс өтті    

Наурыздың 22 – і күні Қазақстан Республикасы ішкі істер министірлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында

2 – курс басшылығының ұйымдастыруымен взвод аралық жарыс өткізілді.

 Бұл жарысқа бүкіл 2 – курс топтары және басшылық құрамы қатысып, мерекелік кубокты өзара сарапқа салды. Ойын әуелі жеребе тастаудан басталды. Жеребе бойынша топтар бір – біріне қарсылас атанып, ұтқандар бірден келесі кезеңге өтті. 1\4 финалда қарсыластарын айқын жеңген 201-203

және 202 – басшылық құраммен қарсылас атанып нәтижесінде 201 және курс басшылық құрамы 1\2 финалға шықты. 3 – ші орын үшін таласта 202 – ші топ жеңіске жетсе(3:1); мерекелік кубокты курс басшылық құрамы иеленіп, чемпион атанды, есеп 4:3.

Жалпы ойын жақсы әрі көтеріңкі, мерекелік көңіл – күйде өткізілді.

Жеңіске жеткен командаларға сыйлықтар табысталып, көрермендер қошеметтерін аямады.

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Тұрсынбай Думанжан