“Күштілер экстримы”

ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 21 – наурыз күні “Күштілер экстримы” атты жарыс өтті. Бұл жарыста 3 курста қатысты. Жарыста әртүрлі ойындар өтті. Ұзындыққа секіру, гір көтері, арқан тартыс, темір жұдырық, баскетбол добын дәлдеп тигізу, сумо және теннис.

Жарыс әділ және өте қызықты өтті, бұл жарыста бірінші орынды 3 – курс иеленді, 2 орында 2 – курс, 3 орынды 1 – курс иеленді. Бұл жарысты өткізу себебі курсанттардың демалыстарын бос өткізбей , спортқа деген қызуғышылықтарын ашу болып табылады.

Мен өзім спортты жақсы көремін спортпен айналысқан адамның дені де, тәні де сау болады. Мен шымыр болып өсу үшін әрқашан спортпен айналысуым қажет. Спортпен шұғылдану қазіргі кезде тек пайдалы ғана емес, сонымен қатар сәңге айналған іс – әрекет. Жаңа замаң жастары да, егде тартқан адамдар да қазір спортпен айналысуды өмір стиліне айналдыруда.

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Советов Бексұлтан