Курсанттарға бейнероликтер көрсетілді

Наурыз айының 23 – і күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында 2 – курс курсанттарына «Жемқорлыққа қарсы күрес» және «Адасқандар» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді.

Бұл бейнероликтерді дайындап, осы отырысты ұйымдастырып, курсанттарға ұсынған күндізгі оқыту факультетінің аға оқытушы – әдіскері полиция майоры Ерик Серикович Акимжанов аталмыш тақырыпты орынды қозғады.

Себебі, қазіргі таңда белең алған, халық арасында кең тараған бұл лас әрекеттер ауыр індетке айналып отыр. Біреулердің пікірі бойынша жемқорлық жазылмас емі жоқ дерт болса, ал біреулердің пікірінше бұның көзін құртудың жолы бар. Әсіресе бұл ахуал мемлекеттік қызметкерлердің арасында да кең етек жая бастаған. Мұндағы бір өкініштісі жемқорлыққа қарсы күресетін қызметкерлердің өзі аталмыш аурумен ауырады. Ал «Адасқандар» барысында айта кетсек, бұл жерде қате ағымдағы дін өкілдері, яғни террористердің антитерроршы ұйым өкілдері қызметкерлерін өз мүдделері үшін пайдалануы қарастырылған. Расында да террористер керекті ақпараттарын алу үшін, басқадай құйтырқы әрекеттерге пайдалану үшін құқық қорғау органдары қызметкерлерін алдап – арбап, қорқытып болсын өз қатарларына қосып жатқандары аз емес.

Бұл бейнероликтерді көрсетуден мақсат, курсанттардың алдағы уақытта қырағылық танытып, қызметте және күнделікті өмірде болсын сақтық танытушылықтары болып табылады. Әрине бұл көрсетілімдер курсанттарға әжептеуір сабақ болғаны анық, бұны олардың берген оң бағаларынан – ақ байқауға болады.

Тұрсынбай Думанжан
2 курс курсанты
полиция қатарындағы

Акимжанов Ерик
КОФ аға оқытушы-әдіскері
полиция майоры