Қала орталығына мерекелік саяхат

2017 жыл наурыз айының 22 – ші жұлдызы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының КОФ аға оқытушы – әдіскері полиция майоры Е. Акимжанов күндізгі оқыту факультетінің 2 курс курсанттарымен бірге Қостанай облысындағы жетім балаларға арналған №2 түзеу мектеп-интернатының тәрбиеленушілерін ұлы мейраммен құттықтап, мерекелік көңіл – күйдегі қала орталығын тамашалауға барды.

Қала орталығы керемет безендірілгені соншалық тура бір қазақтың кең даласында жүргендей әсер аласың. Алты бақан тепкен жастар, одан әрігерек боз кілемде күш сынасқан балуандар, ойнаған балалар, ат мінген ағалар, қымыз сапырып, наурыз көже қайнатқан апа- аналар, әулетіп ән айтқан әжелер қол жайып бата берген аталар, қандай керемет десеңізші. Осының барлығы көңілдері жетім, жүректері жылулыққа зәру бүлдіршіндердің көңілдеріне ғажайып, көтеріңкі көңіл – күй сыйлағандай. Сонымен қатар қаз – қатар тізілген киіз үйлерді аралатып, ондаға қазақтың ұлттық тағамдарымен дәм татқызып, қымыз – шұбаттарымен сусындандырып, концерттік қойылымдарды көрсетіп, одан бөлек қазақтың ұлттық өнімі саналатын қуыршақттарды алып оларға кең ықыласпен сыйға тарттық. Ұлттық – мерекелік әндер шырқап, қара жорға билеп, бір серпіліп алдық шіркін!

Осылайша жетімімізді жалатпаған, жаны дархан қазақ екенімізді тағыда көрсете білдік. Ал өз кезегінде №2 түзеу мектеп-интернатынатының тәрбиеленушілері академиямызға шексіз алғыстарын айтып, ұлыстың ұлы күні мерекесімен шын жүректен құттықтады.

Болашақта да осы секілді білім беру ұйымдарында мәдени, патриоттық, кәсіптік бағдарлау іс-шаралары өз жалғасын таба береді деп сенеміз.

Акимжанов Ерик
КОФ аға оқытушы-әдіскері
полиция майоры