Мәдениет университетінің алғашқы сабақтары басталды  

Академияның оқу кестесіне сай 2017 жылдың 24 наурызынан бастап курсанттарға Мәдениет университетінің алғашқы Заманауи асхана этикеті, театр, хореография, классикалық және заманауи музыкасынан дәріс сабақтары басталды.

Мәдениет университетінің мақсаттары мен міндеттері

— Мәдениет университетін құру мақсаты: мемлекеттік құқық қорғау жүйесінде ішкі істер органы маманының жеке тұлғасына әсер ететін жалпы мәдени біліктілігін қалыптастыруда мәдениетін дамыту факторларын жандандыру.

— Мәдениет университеті алдына қойған мақсатына жету үшін

мынадай міндеттерді шешеді:

— Курсанттардың белсенді өмірлік ұстанымын, жоғары адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу, әдебиет, өнер, ғылым саласындағы білімдері мен жетістіктерін насихаттау.

— Курсанттар мен қызметкерлердің мәдени ой өрістерін кеңейту, жалпы білім беру деңгейін арттыру, рухани-адамгершілік, мәдени-эстетикалық, этика, эстетика, отбасы мәселелерін, қоғамда өздерін ұстау ережелерін қалыптастыру.

— Курсанттар мен қызметкерлер алған білімдерін іс жүзінде пайдаланып, әдебиет және өнер шығармаларын дұрыс түсіну, бағалау, оны өнердің түрлі жанрларында қатыстыра білу дағдысын қалыптастыру.

— Курсанттардың коммуникативтік мәдениетін және психологиялық қалыптасуын арттыру.

— Курстанттар мен қызметкерлердің өздігінен білім алу дағдыларын жетілдіру, өнердің  түрлі жанрларына қабілеттерін жетілдіру.

Дәріс оқитын ұстаздар да өз жұмыстарының озық мамандары.

Атап айтатын болсақ:

2-ші  жалпы Кеңестік шығармашылық фестивалінің және 2008 жылғы Қостанай миценат клубының лауреаты Мукашев Бахытжан Тулебаевич;

Облыстық І.Омаров атындағы  қазақ драма театрының артисі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Иманов Қабдул- Мажит Сүндетұлы;

ЧелМУ Қостанай филиалы «Жаным» сән және «Галерка» театрларының режиссеры Котельникова Алевтина Викторовна;

Өндірістік оқытудың шебері Гончарова Ольга Владимировна;

Өндірістік оқытудың шебері Свиридова Ольга Викторовна;

Облыстық Е.Өмірзақов  атындағы филармонияның «Костанайской зори» би ансамблінің балет артисі Борский Михаил Юрьевич;

Тілдер кафедрасының бастығы Айсенов Абылай Байконысович;

Тілдер кафедрасының оқытушысы Сұлтанов Берік Дүйсенұлы;

Тілдер кафедрасының аға Деріпсалдин Ербол Қалибекұлы;

Тілдер кафедрасының Бекжанова Елена Николаевна;

Әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Видешпан Александр Валерьянович;

Әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының  аға оқытушысы Алпеисов Болат Бакпектович — Мәдениет феномені: даму тарихы және қазіргі жағдайы.

                                        Тәрбие жұмысы бөлімі