«Қазақтың ұлттық дәстүрлерін білесің бе?»

Әр ұлттың өзіне сай ата дәстүрі, әдет-ғұрыпы және ырымдары бар. Ол сол ұлттың жан дүниесін көрсетіп тұрады. Қазақ халқының да өзіне сай ерекшеліктерінің бейнесі секілді салт-дәстүрі бар. Олардың мән-мағынасы, берер тәрбиесі мол.

Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы, қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Қазіргі таңда салт-дәстүр мәселесі алғашқы орындарда тұр. Қазақ халқында көптеген салт дәстүрлер мен ырымдар бар.

2017 жылдың 19 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында және «Демалыс күндері сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін өткізілетін мәдени-көпшілік, ғылыми, спорттық және саулық іс-шараларына арналған» жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары полиция капитаны Д. Қарымсақова, полиция капитаны С. Новотеева, полиция аға лейтенанты А. Қаражан «Қазақтың ұлттық дәстүрлерін білесің бе?» атты викторинасын кураторлық топтарымен өткізді. Викторинаның басты мақсаты курсанттардың эстетикалық сана-сезім мен ұлттық мәдениетке қызығушылық, өз халқының салт-дәстүрін сақтауға дайын тұлғаны қалыптастыру мен жалпы білім беру.

Викторинаға КОФ-нің 3 курс 308, 310, 315 оқу топтарының курсанттары қатысты. Сайыс барысы үш айналымнан құрылды: 1-ші айналым-сұрақ-жауап сайысы, 2-ші айналым — «Мақал – сөз атасы» атты мақал-мәтел сайысы, 3-ші айналым-қазақ халқының салт-дәстүрлері.

Жарысқа қатысқан курсанттардың барлығы Қазақтың ұлттық салт-дәстүрін жетік түрде білетіндігін көрсетті және Ұлыстың ұлы мерекесі қарсанында өткізілген мерекелік іс-шарасы ретінде өткізілген сайысы болғандықтан, жарысқа қатысқан барлық топтары тең дәрежелі жүлдеге иеленді.

Сайыстың сонында курсанттар тәтті сыйлықтарымен және 3 курс басшысы атынан демалыс күндік сейілдемесімен марапатталды.

 

310 топ кураторы

полиция капитаны

 Д. Карымсакова