Мейірімді курсанттарымыз

2017 жылы наурыз айының 18 күні Қостанай қаласының тұрғындары наурыз мейрамын қарсы алу дайындықтарымен жүретіні белгілі. Яғни, қала тұрғындары наурыз мейрамының қарсаңында отбасында дастархан жайып, қонақ күтуге дайындалу әурелігімен жүреді білеміз. Осы тұрғыда академияның 1-курс 103-топ тыңдаушыларымен 18-21 күндері аралығында қаланың тұрғындарына көмек көрсетуді жөн көрген болатынбыз. Әрдайым көмекке мұһтаж жандардың бірі болып, бұл қарт және мүгедек тұрғындар болып табылады. Сондықтан курсанттар қаланың бірнеше аялдамаларында қоғамдық автобустардан түсетін қарт адамдар мен мүгедек адамдардың ауыр заттарын көтеріп, мүгедектердің жолдың арғы бетіне қауіпсіз өткізіп және қажет болған жағдайда үйлеріне жеткізуді жүзеге асыру үшін төмендегі іс-шаралар өткізілді:

 Наурыз айының 18-ші жұлдызында академияның 1-курс 103-топтың қыздарымен басталған мейірімді курсанттар атты іс-шарасының көмегіне Свелана апамыз өзінің отбасы дастарханына орталық базардан азық-түлік алып келу барысында іліккен. Светлана апамыздың аялдамаға келген кезінде оның алдынан курсант қыздар қарсы алып қолындағы заттарын көтеріп уйіне дейін жеткізу көмегін ұсынған. Басында Светлана апамыз олардың ұсынысын өзіне емес, басқа адамға тиесілі айтып тұрма деген ойымен бөлісті. Светлана апамыздың формы киген курсанттардың осындай іс-шараларды өткізіп отырғандарына үлкен ризашылығын білдіріп, оларға тек қана оқуда озат және көрсетіп жатқан жақсылықтары алдарынан шығуын тіледі.

Көмек көрсеткен курсанттарымыз Светлана апамызды үйінің есігінен кіргізіп өздерінің іс-шараларын арықарай өткізуге кірісті.

Курсант қыздарымыздың іс-шараны өткізуге тиісті деп тапқан орны болып, бұл қаланың жолдан өту қауіптілігі жоғары бекеттерге шықты. Қауіпті бекеттердің бірі болып Қостанай қаласының Гагарин көшесінің кейбір аялдамаларында жаяу жүргінші өтетін орындардың белгілері көрінбейтін аялдамалар болып табылатын.

Сол күні Қостанай қаласы Гагарин көшесіндегі орталық Шіркеуге қарсы орналасқан аялдамада курсант Куркембаева Гузель мен Андрейчук Ольга жолдың арғы бетінен өте алмай тұрған мүгедек жанға көмектерін көрсетті. Яғни, бір аяғынан айырылған Валинтина Попованы өткізіп жіберуге көліктердің тоқтамай жатқанын байқаған курсанттарымыз өздерінің көмегін ұсынып, көліктерді тоқтатып мүгедек жанды қауіпсіз жолдан өткізіп алды.

Валентина Попова курсанттарға бұл өмірде мейірімді жандардың аз екенін айтып, академия қабырғасында оқитын курсант қыздарымыздың осындай іс-шаралардың өткізіп отырғандарына бас иетініне және олардың әрекеттері қоғамның жастарына да және үлкендеріне де үлгі болу керектігін айтып, өзінің курсанттарға шын жүректен ризашылығын білдіріп көзіне жас алды.

Мейірімділік іс-шарасының көмегіне мұқтаж болған келесі Ұлбосын апа болды. Ұлбосын апамыздың қаланың орталығынан келіп түскен кезінде курсанттарымыз бірден сол кісінің қолынан ұстап қоғамдық көліктен түсіріп алды. 75 жастан асқан Ұлбосын апамыздың жердің көк тайғағынан қиналып жүретінін байқаған қыздарымыздың бірден апаның мекен-жайын сұраған. Ұлбосын апамыз мекен-жайды сұраған кезінде түсінбей, оларға не үшін деп сұрақ қойған екен. Курсант қыздарымыздың апаның үйіне жеткізу ниеттерін айтқанда жүрегіме жылу барды деп бөлісті. Ұлбосын апаның қыздарға мекен-жайын айтып, үйінің алдына барғанша өзінің өмірлік ақылымен бөліскен. Есігінің алдына келгенде Ұлбосын апа курсант қыздарымызды үйіне кірулерін және бір пияла шәй ішуге шақырған. Алайда қыздарымыз іс-шара бойынша басқа да мұқтаж жандарға көмектесу керектігін айтып шәйға рахмет деп жауап қайтарған. Ұлбосын апаның курсант қыздарға келесі «Сендер өттіңдер ме жоқ па білмедім, бірақ бұрын оқулықта «Тимур и его команда» деген балдардың осылай сендер сияқты мұқтаж жандарға көмек көрсетумен айналысқан», сол сияқты сендердің әрекеттерін сол ертегі сияқты болып табылады, бірақ бір ерекшелігі сендер нағыз қоғамға көмек көрсететін полицейлерсіңдер деп  сөздерін айтып күлімсіреп рахметін айтып үйіне кіріп кетті.

 Курсант қыздарымызбен өткізілген іс-шараның мақсаты болып көмекке мұқтаж адамдарға көмек көрсету, қоғам жастарына жақсы бір сабақ болуы және еліміздің ІІМ қызметкерлеріне деген дұрыс көз-қарасты қалыптастыру болып табылады. Әрдайым мейірімді және үлкендерге сыйлы болайық деген сөздер қыздарымыздың ұраны болып кетті!!!

103-топ жетекшісі: Қылмыстық процесс және

криминалистика кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры

Кайнар Ерболат Ержанұлы