Әндерімен қонақта

2017 жылы наурыз айының 18 жұлдызында Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясының 1-курс курсанттарын Наурыз мейрамының қарсаңына арналған іс-шараларына Қостанай қаласының қызмет атқару колледжінің басшылары қонаққа шықырды. Колледждің басшыларымен ұйымдастырылған іс-шараларында студенттер наурыз мейрамын өткізу кезінде, басқа да ұлттардың қарсы алу ерекшелікгін көрсеттіп және әрбір ұлттардың наурыз мейрамын тойлау бойынша әндерін айтып өтті.

Әрбір ұйымдардың басшылары секілді наурыз мейрамы қарсаңында оқытушылар мен студенттердің қызметтік, оқу және спорттық жетістіктері үшін марапаттау шараларымен басталды.

Колледж студенттерінің наурыз мейрамын қарсы алу іс-шарасына академияның атынан 103-топ жетекшісі Қылмыстық іс-жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры Кайнар Ерболат Ержанұлы студентерді кележатқан наурыз мейрамымен құтықтап, оларға академияның басшыларының атынан ізгі тілектерін айтты.

Колледж студенттерін академия курсанттары атынан құтықтау үшін 1-курс курсанттары Алтынов Ораз, Тілеухан Нұрбек және Андрейчук Ольга өздерінің әндерін арнап құтықтады.

1-курс курсанты Андрейчук Ольга студенттерді наурыз мейрамымен құтықтап, оларға ағылшын, орыс және қазақ тілінде ән айтып таң қалдырды.

Өздерінің құтықтау әндерімен 1-курс курсанттары Тілеухан Нұрбек «Ана» деген әнін айтып, ал Алтынов Ораз гитарамен бірнеше әндерін арнады.

Осындай жоғары дәрежелі әндерін арнаған курсанттардың өнерлеріне студенттер таң қалғандарын жасырмай шапалақ ұрып қолдап отырды. Колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары академия курсанттарының келешек құқық қорғау қызметкерлерінің осындай өнерлеріне және тілдік кемшіліксіз ағылшын, орыс және қазақ тілінде өнерлері бар курсанттардың өнерлеріне таң қалуы және колледж студенттеріне бүгінгі наурыз мейрамының қарсаңында өнерін көрсеткен курсанттардың үлгі болатынына сенетінін білдіріп, академия  курсанттарын наурыз мейрамымен құтықтай отырып өнер көрсеткен курсанттарға тәтті силықтарын табыс етті.

103-топ жетекшісі: Қылмыстық процесс және

криминалистика кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры

Кайнар Ерболат Ержанұлы