Ұлттық өнерді дәріптеу!

Айтыс десе, жүрегі елжіремейтін қазақ жоқ шығар, сірә. Сөз мәйегі, жыр маржаны мен ой тұнығы молынан ақтарылатын төл өнеріміз бүгінде наурыз мейрамы қарсаныңда 2017 жылдың 20 наурыз күні ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында орынын тапты. Бұл қуанышты хабар КОФ 2 курс 202 және 208 оқу тобының курсанттарының мерейін тасытты. Өйткені айтыс өнерінде- тіліміздің, салт-дәстүріміздің,суырыпсалма өнеріміздің айшықты көрінісі жатыр. Айтыс өнерін бағалай білген ұрпақ – тілін де, әдет-ғұрпын да, салт-санасын да бағалай, ардақтай біледі.
Міне осыған байланысты екі топтың курсанттары жарыса айтысты. Осы іс шарамызды 208 оқу тобының курсанты Бейсен Дауреннің орындауында Құрманғазының«Адай» күйімен ашылды.





Бұл айтыстың мәні де, мағынасы да бөлек болды. Өйткені бұл айтыстың тақырыбы қасиетті Тәуелсіздік күнінің 25 жылдығы, Академияның 45 жылдығы және Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналды. Осы үш тақырыпты қамтыған курсанттар бойындағы бар өнерін ортаға салды. Жас ақындарымыз жүйрік аттай желпініп, көмекейлерінен жыр саулатып, тасқын судай сарқылды.






Жалпы айтқанда айтыс тартымды да, қызықты да өтті. Іс шара соңында курсанттар мақтау қағаздарына ие болды. Ұлттық өнеріміздің інжу-маржаны – ақындар айтысы биіктен көрініп, асқақтай берсін!!!

202 оқу тобының кураторы
полиция аға лейтенанты
Ж.А.Сабырбеков

208 оқу тобының кураторы
полиция аға лейтенанты
Н.Ж.Турсумбаева