Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу

2012 жылдың 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050″ Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында қазақстандық қоғамда құқықбұзушылыққа мүлде төзбеушілік қалыптастыру басты міндеттің бірі болып табылады. Осы жұмысқа орай 2017 жылғы 17 наурызда ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ІІО-дағы әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.И. Исмаилованың жетекшілігімен «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқып жатқан 3 курс курсанттары Мұратқали Айжан., Ұнтабаева Айгерім Қостанай қаласының № 10 орта мектебінің оқушылары арасында тәрбиелеу-түсіндіру жұмысын өткізді.

Тәрбиелеу-түсіндіру жұмысы «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу», «Кибербуллинг — жасөспірімдердің психологиялық қауіпсіздігіне қауіп-қатер туғызу формасы ретінде» тақырыптарында өткізілді. Тақырыптар аясында 5 сынып оқушыларына Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің нормалары түсіндірілді, атап айтқанда 434 бабы «Ұсақ бұзақылық», 435 бабы «Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақ», сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 293 бабы «Бұзақылық» бойынша тоқталды. Тақырыпты бекіту үшін жұмбақтар, бейнесюжет дайындалды.

Қазіргі уақытта оқушыларға психологиялық күш көрсету формаларының бірі болып кибербуллинг (ұялы телефон және басқа электронды құрылғылар арқылы кеміту немесе өшіктіру) табылады. Оқушыларға әлеуметтік желінің (инстограм, ватцап, смс және т.б.) қалай әсер ететіні және оның қауіптілігі неде, интернеттік қауіп-қатер туған жағдайда қандай іс-әрекет жасау қажет екендігі туралы түсіндіріліп әңгіме жүргізілді. Назарға кибербуллинг туралы мультсюжет ұсынылды.

Оқушылар әңгімеге белсенді қатысты және түрлі сұрақтар қойды.

Исмаилова Айгүл Иргазаевна І

ІО-дағы әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының

аға оқытушысы полиция подполковнигі

Профилактика правонарушений среди несовершеннолетних

В Послании Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева «Стратегия-Казахстан 2050» — новый политический курс состоявшегося государства» от 14 декабря 2012 года  одной из приоритетных задач государства является формирование в казахстанском обществе нулевой терпимости к правонарушениям. В рамках данной работы 17 марта 2017 года под руководством старшего преподавателя кафедры организации социальной работы в органах внутренних дел Костанайской академии МВД РК имени Шракбека Кабылбаева подполковника полиции Исмаиловой А.И. с курсантами 3 курса, обучающихся по специальности «Социальная работа» Мураткали Айжан и Унтабаевой Айгерим  проведена воспитательно-разъяснительная работа среди учащихся средней школы  № 10  г.Костаная.

Воспитательно-разъяснительная работа проведена на темы «Профилактика правонарушений среди несовершеннолетних» и «Кибербуллинг как форма угрозы психологической безопасности подростков». В рамках тем ученикам 5 класса разъяснены нормы Кодекса об административных правонарушениях в частности статьи 434 «Мелкое хулиганство» и 435 «Хулиганство совершенное несовершеннолетними», а также статья 293 «Хулиганство» Уголовного кодекса Республики Казахстан. Для закрепления темы были подготовлены загадки, видеосюжет.

Одной из форм психологического насилия школьников на сегодняшний день является кибербуллинг (унижение или травля с помощью мобильных телефонов, других электронных устройств). Ученикам разъяснено о том как влияет социальная сеть (инстограм, ватцап, смс и т.д.) и чем она опасна, какие действия необходимо предпринять в случаях столкновения с интернет-угрозой. Вниманию учеников был представлен мультсюжет о кибербуллинге.

Ученики приняли активное участие в беседе, задавали вопросы.

Айгуль Иргазаевна Исмаилова

старший преподаватель кафедры организации

социальной работы в ОВД, подполковник полиции