«Ой мен ойын»

 Наурызым – салтым, жоғалып қайта табылған

Шырағым болып алдымнан бүгін жағылған.

Бабамның үні ақ бата беріп жеткізген

Әр қадамыңнан жаныма мейірім табылған

Келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына арналған 2017 жылғы 17 наурыз күні Академияның күндізгі оқыту факультетінің 2 және 3 курс курсанттарының арасында тапқырлығы мен білімін сынайтын «Ой мен ойын» сайысы өтті. Екі оқу тобынан құрылған екі команда — «Тапқырлар» және «Алтын күз»  өзара білімдерін сынады.  Сайыс  Наурыз мейрамына арналғанымен, тарих, спорт, құқық, дәстүр және тағы басқа тақырыптарда  қызықты ойын өткізілді.

Сайыс бес турдан құрылды: бірінші тур «Көп сөйлеме». Ойын тәртібі бойынша екі команда ойыншылары кезектесіп ортаға шығып, жасырылған сөзді  өзінің командасына сөзсіз сөйлемей түсіндіру керек болды.

Екінші «Керек кәсіп» турында ортаға шыққан команда ойыншысы жасырылған кәсіп иелерін командасына сөзсіз, байлаулы көзбен, кимылмен ғана түсіндірді.

Үшінші тур «Сөз жұмбақ»: жұмбақ оқылып, қолдарына төрт әріп берілді. Көздері байланды. Сол қолдарындағы әріптермен жұмбақтың жауабын тауып, әріптермен сол сөздерді құрастырды.

Төртінші тур «Хронология». Тақтадағы тұрған суреттерге сандарды сәйкестендіру қажет болды.

Сайыстың соңғы туры «Суреттер сөйлейді»: ортаға командадан бір ойыншы шығып, мақал-мәтелдерді командасына  сурет арқылы түсіндіруі қажет болды.

Сайыс сонында көрермендермен ойын өткізілді.

Сайыс өз мақсатына жетті. Курсанттар шеберліктерін және тапқырлықтарын қолдана отырып, тапсырмаларға берілген уақыт ішінде нақты және жылдам жауап тапты.

Сайысқа әділ қазы ретінде қатысқан  күндізгі оқыту факультетінің оқытушы-әдіскерлері полиция майоры Дощанова А.Т. мен Акимжанов Е.С және психологиялық жұмыс орталығының аға оқытушы-әдіскері полиция капитаны Досмаилова А.Б. Қатысушыларының ұпай сандарын санап, шешім қабылдады. Жеңіске 3 курс курсантары үздік шығып, ие болды.

Күндізгі оқыту факультетінің оқытушы-әдіскерлері полиция майоры Дощанова А.Т. мен Акимжанов Е.С және психологиялық жұмыс орталығының аға оқытушы-әдіскері полиция капитаны Досмаилова А.Б. ұйымдастырушыларға полиция  майоры Ж.Д.Базарбаеваға, полиция капитаны В.С. Касеноваға және полиция аға лейтенанты А.Мұратқа алғыстарын білдірді. Өз кезегінде курсанттар осындай іс-шаралардың жие ұйымдастырылып тұруын қалайтындықтарын жеткізді.

314 оқу тобының кураторы

полиция капитаны В. Касенова

 

203 оқу тобының кураторы

Полиция майоры Ж.Базарбаева

 

203 оқу тобының куратор көмекшісі

полиция аға лейтенанты А.Мұрат