Сыбайлас жемқорлық курсанттардың көзімен

Академияның күндізгі оқыту факультетінің 2-3 курс курсанттарымен «Ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі» пәні оқытылуда. Осы пәнді оқытудағы мемлекетіміздің алдына қойып отырған негізгі мақсаты – жемқорлықпен күрес, алдын алу және жою.

Пәнді оқыту барысында сыбайлас жемқорлық түсінігі, оның даму салдары, жемқорлық түсінігінің тарихы, жемқорлық құбылысымен күрестің негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер, жемқорлықтың пайда болуының алдын алу әдістері, жемқорлықтың психологиялық  белгілері талқыланады.

«Ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі» пәнінен қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының оқытушылары полиция подполковнигі А.Д. Анисимов, полиция майоры З.М. Суйеубаева, полиция аға лейтенанты С.М. Жолдасқалиевтар сабақ береді.

Оқытушылар сабақ оқыту барысында топпен жұмыс жасап, жаңа әдістерді қолданып, курсанттардың сыни көзқарасын (критическое мышление)  және сыбайлас жемқорлық құбылысына нөлдік төзімділікті қалыптастырады.

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы

және криминоогия кафедрасының оқытушысы,

құқық магистрі полиция майоры

З.М. Суйеубаева