Күнделікті тәуліктік нарядына жүргізілетін нұсқаулық

Күнделікті атқарылатын жұмыстардың қатарында ауысымға түсіп отыратын, кезекшілік нарядты, яғни қарауыл, бақылау өткізетін пунктерге түсетін кезекшілер, курс бойынша кезекшілердің ауысымға түсу дайындығын, киім үлгісі сақталғанын тексеру және олардың атқаратын міндеттері мен оларға тыйым салынған ережелермен таныстырып нұсқаулық жасалынады. Осындай атқарылатын іс шаралардың бірі 2017 жылдың 16 наурыз күні 3 курс бастығының орынбасары полиция аға лейтенанты Н.Бақытқалиұлымен өткізілді.

Төтенше оқиға болған жағдайда дереу арада  Академия кезекшісіне баяндау қажет екендігі түсіндіріліп ескертілді. Академия аумағының тазалығына тексеріліс жүргізілді.

Ауысымға түсіп тұрған кезекшілердің барлығында өздерінің міндеттері бойынша нұсқаулық, күн тәртібі тізімі, «дабыл» және төтенше болған жағдайдағы атқарылатын міндеттері бойынша нұсқаулық болуға тиісті екендігі айтылды.

Қарауыл бастығы кіші командирлер қатарынан тағайындалып, ол Академия бойынша кезекшіге бағынатынын және оған тапсырылған объектілерді қорғауға жауапты болатындығы түсіндірілді.

Бақылау өткізілетін пунктің кезекшісі қатардағы курсанттардан немесе сержанттар қатарынан тағайындалып, ол қарауыл бастығына бағынатынын және  кезекші бақылау өткізу пунктінен өтетін барлық тұлғанын жеке куәлігін немесе өткізу парағын тексеруге міндетті болып табылатыны ескертілді.

Қызметтерін атқарған тәуліктік кезекшілер кесте бойынша түсетін жаңа тәліктік кезекшілерге өздерінің қызметінің аяқталғаны туралы және ешқандай оқыс оқиғанын орын алмағандығы туралы баяндап кезекшілікті тапсырды.

3 курс курсанты Маликова У.