Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

2017 жылғы 15 наурыз күні қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық, жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу мақсатында, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы күндізгі оқу факультетінің курсант қыздары «Қостанай қалалық орталық кітапханалық жүйесі» ММ – «Южный» құрылым бөлінісі -№6 кітапханасымен ұйымдастырылған «Халқын сүйген, салтын сүйер» деген іс-шарасына қатысты.

Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға көптеген кереметсуреттемелер берген.Сондай-ақ, қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен.

Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі –тәрбие. Ата-ананың міндеті –жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе,қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақ тапұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған.

Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақынғой. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ келіншектерінің бойында ізеттілік, ар – ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе – көлденең кесіпөтпеу, жаныашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қызбалаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шайқұю, кестетігу, жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған.

Қызбаланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы – құрдастарының, дос – жарандарының да әсерікүшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырықүйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсізқыздан без, өнегесізұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата – ананың қызынан қапық алма» деген екен.


Іс шара барысында қонақтарға концерт ұйымдастырылып, қойылды.



Педагогикалық колледжден және Академиядан келген қонақ-қыздарымен іс-шара иелері көңілді конкурс өткізді.

Іс-шара соңында қатысып отырған адамдардға үлкен әже батасын беріп,алғысын білдірді.

Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оңжолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт – дәстүрлерментәрбиеленгенқыздар ел қорғайтын ұлт жанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз.

314 оқу тобының кураторы полиция капитаны
Венера Касенова

205 оқу тобының кураторы полиция капитаны
Айжан Досмаилова