Сөзге тапқырлық – жақсы адамгершілік қасиет

Қазіргі таңда «тренинг» түсінігінің нақты бір анықтамасы жоқ, сондықтан бұл термин психологиялық практикада әр түрлі іс-әрекеттердің, әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде кеңінен пайдаланылады.

«Тренинг» термині (ағылшынның train, training сөздерінен) оқыту, тәрбиелеу, жаттықтыру, үйрету сияқты бірқатар мағынасын білдіреді.

Тренинг адам бойында қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекеттерді басқару модельдерін қайтадан қалыптастыру тәсілі ретінде қолданылады және тренингке ұйымның жоспарлы белсенділігін арттыра түсу үшін оның мүшелерінің кәсіби білімі мен қабілеттілігін көтеруге бағытталған, сондай-ақ тренингті жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын ұйымның мақсаты мен іс-әрекеттерінің талаптарымен сәйкес тәсілдерге сай өзгертудің бір бөлшегі деп қарастыруға болады.

 Бүгінгі күнде тренингті анықтау үшін көп жағдайда «психологиялық әсер ету» термині қолданылады.

2017 жылдың 10 наурыз айында 106 оқу топта психологиялық тренинг-жаттығулар   өткізілді. Тренинг-жаттығулар курсанттардың шешендік өнерді дамыту және топтың арасында қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған.

Сөз өнерінің бір саласы – шешендік өнер. Бұл өнер көз жеткізу, көкейге ұялату, ұғып тыңдау, дәлелдік пікір айту, шыншыл көзқарас түйіндейді.

Тренингтің соңында курсанттар өз ой-пікірімен бөлісті. Болашақта курсанттар осындай психологиялық жаттығулар, тренингтерді өткізуге тілектесті.

106 оқу  тобының кураторы
Қылмыстық іс-жүргізу және криминалистика
кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны А. Ғалым
ТЖБ аға инспектор-психолог
полиция капитаны Ж.Руденко