Суда жүзу денсаулыққа пайдалы

106 оқу тобы өз демалыс күні «Осьминог» аквапаркте өткізілді. 2017 жылдың наурыздың 12 тәрбие және дене тәрбие жұмысын жүргізу мақсатымен курсанттармен жүзу бойынша бассейнде шағын жарыс өтті.

Жүзу, спорттық жүзу – спорт түрлерінің бірі. Спорттық жүзу жарыстары еркін (кроль), брасс,баттерфляй,шалқалап жүзу, тағы да басқа тәсілдерімен 50 метрден 1500 метр қашықтық аралығында өткізіледі. Сондай-ақ жүзудің қолданбалы, су астында жүзу, синхронды (көркемдік) жүзу тағы басқа түрлері болады.
Суда жүзе білу — өмірге өте қажет. Мұны бала кезінен үйренген жөн.


Суда жүзудің пайдасы –адамның денсаулығын нығайтатындығы, сонымен қатар ол адам өзін таза ұстауға және денесін шынықтыруға көмектеседі.
Жүзуді үйрету — дене тәрбиесінің кең тараған маңызды түрі. Ол балалар бақшасында, мектептерде, орта және жоғары білім оқу орындарында іске асырылады. Жүзудің спорттық әдістерін меңгергеннен кейін әрбір адам жақсы сүңги білуге, жолдағы кедергілерді жүзіп өтуге, суға батып бара жатқан адамды құтқару тәсілдерін білуге тиіс. Жақсы жүзе білетін адамның небір қиын жағдайда таңғажайып ерліктер көрсете алатыны да белгілі. Жүзу – дене шынықтыру үшін нәтижелі әдістерінің бірі. Ол тұрақты тазалық дағдыларын қалыптасуын мүмкіндік туғызады. Жүзу адамдарға пайдалы, өйткені ол адам денесінде зат алмасуды күшейтетін жолдың бірі.

106 оқу тобының кураторы
Қылмыстық іс-жүргізу және криминалистика
кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны А. Ғалым