Әскери жүгірістен жүйріктер жарысы өтті

Наурыз айының 12 – ші жұлдызында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2 – курс басшылығының ұйымдастыруымен курсанттар арасында «Әскери жүгірістен» 1000 метрлік қашықтықта жарыс ұйымдастырылды. Бұған барша топ қатысып бақтары мен баптарын сынап көрді. Жарысты әуелі 203 – топ бастап берді, мұзы жөнді ерімеген бұл жарыс жолы курсанттарымызға аса қиындық туғыза қоймады. Одан кейін командалар бірінен кейін – бірі жүгірді. Қызу кешкен бұл жарыста жүйріктік танытып 210 – топ мәреге бірінші келсе, 2 – ші болып 203 – топ жетті, ал, 3 – ші орынды 204 – топ бағындырды.
Осылайша курсанттар әскери жүгірісті сәтті бағындырды. Ал жеңіске жеткен команда жарты күндік сейілдеме жүлдесімен марапатталды.

2 курс курсанты
полиция қатарындағы
Тұрсынбай Думанжан