«Үздік аудармашы» байқауы басталды 14.03.2017 13 наурызда жыл сайынғы «Үздік аудармашы» байқауы басталды. Байқауға бөліністерден іріктеліп алынған 17 (ұлты қазақ емес) қызметкер қатысуда. Қатысушыларға байқаудың 1-кезеңінде орыс тіліндегі заң терминдерінің қазақ тіліндегі баламасын анықтау және мемлекеттік тілдегі мәтінді орыс тіліне тәржімалау жұмыстары ұсынылды. Аудармашылардың білімі мен білігін Қазылар алқасының төрағасы – ІІО әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының бастығы полиция полковнигі Н.А. Толқынбаев; мүшелері: Магистратураның аға оқытушы-әдіскері полиция майоры Г.Ш. Едресова, Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің аға ғылыми қызметкері Г.С. Садвакасова бағалады. 1-кезеңнен сүрінбей өткен 8 қызметкер (Еременко А.С., Конвисарь А.А., Медведева А.Н., Олексюк М.В., Пилецкая Е.Н., Тимошенко А.Ю., Павлина Т.С.) «Сегіз қырлы – бір сырлы қызметкер» деп аталатын ақтық кезеңге жолдама алды. Байқаудың шешуші кезеңі осы айдың 15 наурызына жоспарланған. Құрбанәлі Елмұратов, Мемлекеттік тіл бөлімшесі бастығы