КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЕСКЕРТУ

2017 жылдың 14 наурызында, Қостанай қаласының №10 орта мектебінің 8-11 сынып оқушыларының құқықтық деңгейін жоғарлату мақсатында, Ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкерлері полиция подполковнигі Д.Т. Мендыбаева, полиция капитаны К.Н. Ташенов және 3 курс курсанты полиция қатарындағы Р.Ильясов «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершіліктерінің ерекшеліктері» атты тақырыбында дәріс өткізді. Іс-шараға қатысып отырған оқушыларға әкiмшiлiк құқық бұзушылығын жасаған кәмелеттік жасына толмаған адамға қатысты тәрбиелiк ықпал етудiң шаралары мен әкiмшiлiк жазаның қолданылуы туралы, сонымен қоса кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде оның өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың әсер етуi ескерiлетiнін айтты.
Дәріс аяғында оқушылар дәріскерлерге қызықтырған мәселелері бойынша сұрақтарын қойып толыққанды жауаптарын алды. Дәріс толықтай өз мақсатына жетті.

 
Ғылыми зерттеу орталығы,
3 курс курсанты
полиция қатарындағы Р.Ильясов