Шырақбек Қабылбаевтың туған күні арналған бас қосу

«Тірі өледі, жер қойнауы жатағы, Із қалады, болса жақсы атағы» деп Жүсіп Баласұғын айтқандай, кезінде екі рет Қазақ елінің Ішкі істер министрі болған, Қазақстанның белгілі қоғам және мемлекет қайраткері ішкі қызметтің генерал-лейтенанты Шырақбек Қабылбаев бұрыңғы Семей облысы, Абыралы ауданы Қарашоқы деген жерде 1908 жылы 9 наурызда дүниеге келген.

Ш. Қабылбаевтың өмір тарихымен таныса отырып оқығаны да тоқығаны да мол білімді де парасатты жан болғанын көреміз. Ол советтік дәуірде жасап, оның ыстығына күйіп, суығына тоңып, әкімшіл-әміршіл жүйемен коммунистік идеологияның шектеулеріне көне, төзе жүріп, өз халқына адал қызмет көрсете білген тұлға.

«Шырақбек Қабылбаев» атты естеліктер жинағында Ш. Қабылбаевты жақсы білетін ұзақ жылдар бойы онымен қызметтес болған үзеңгілес жолдастары мен серіктері, өмір бойы аралас-құралас жүрген дос –жарандары мен туыс жекжаттарының жылы лебіздері берілген.

Ш. Қабылбаев көркем шығармалармен жақсы таныс бола жүріп, қазақтың көрнекі жасушылары С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин тағы басқа да ақын-жазушылар, ғылым, өнер адамдарымен де араласа білді.

Ш. Қабылбаев уақыттың тығыздығына қарамай өнер, поэзия, өз өлкесінің әдебиеттерін ғана емес әр халықтың, сонымен қатар әлем әдебиеттерін оқуға да үлкен мән берді.

Біздің Академиямызға Ш. Қабылбаевтың жеке кітапханасынан 460 әдеби басылым: М. Әуезовтың 50 томдығы, 200 том – әлемдік әдебиет, сонымен қатар орыс және кеңес классиктерінің кітаптары сый есебінде берілді.

Тарихы тұлға туралы басқосу бірінші және екінші курс курсанттарының есінде мәңгі сақталып, жас ұрпаққа үлгі болып қала берері сөзсіз.

Кітапхана меңгерушісі С. Амирова

КОФ аға оқытушы-әдіскері

полиция майоры Е. Акимжанов