Мұражайға саяхат

«Ақынның аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді»

2017 жылғы 10 наурызда оқу тобының 109 курсанттары Шырақбек  Қабылбаев атамыздың туғанына 109 жыл толуына орай Академияның мұражайына саяхат жасады.

Курсанттарға оқу мекемесінің тарихы, ЖОО қалыптасуы және дамуында үлкен роль атқарған жетекшілерімен танысты. Сонымен қатар, Академияның жетістіктері, даму болашағы туралы айтылды.

Мұражайға келген сәттен-ақ, адамдар өздерін сол тарихи кезеңдерді елестетіп, тарихи рухын сезінеді. Курсанттар қызығушылықтарын тек қана сұрақтар қою арқылы ғана емес, өз ойларымен бөлісулері арқылы танытты. Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың өмірбаянына шолу жасалды, еңбек қызметіне қатысты құжаттардың көшірмелері, ғылыми еңбектері және т.б. назарларына ұсынылды.

Оқу тобының курсанттары мұражайға барып келгеннен кейін де әсерлері басылмай, өз көңіл-күйлерін білдірді. Осындай шараларадың өткізілгендігі ұнағанын, жан- жақтылықты дамуына әсер ететінін айтты.

Шынымен де, осындай мұражайлар адамдардың өз тарихын, ата-бабаларын, даналарын, ғұламаларын ұмытуға жол бермейді. Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаев атамыздың жетістіктері біздің болашақта офицер болатын курсанттарда патриоттық, адамгершілік сезімдері мен қасиеттерін оятып, дамытады.

Асель Кожахмет
109 оқу тобының кураторы
полиция капитаны