«Шырақбек Қабылбаев өмірі» атты кураторлық сабақ өтті

Еліміздің екі рет Ішкі істер министрі болған, ұзақ жылдар бойы ерен еңбек еткен Шырақбек Қабылбаевтың өмірі мен қызметі жас ұрпақтар үшін үлгі-өнеге.  Ш. Қабылбаевтың   109-жылдығына  байланысты  күндізгі оқыту факультетінің 1 курс 108 оқу тобының курсанттарына кәсіби-танымдық тәрбиені қалыптастыру мақсатында  кураторлық сағат өткізілді. 108 топ курсанттарына Ш. Қабылбаевтың өмірі туралы дәріс оқылып және Академия мұражайына саяхат жасады.

Ш.Қабылбаев (1908-1976 жж.) – мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР ішкі істер министрі, генерал-лейтенант (ІІ рангілі ішкі қызмет генерал-лейтенанты), ІІМ еңбек сіңірген қызметкері. 1908 жылы 9 наурызда Семей губерниясы (Қазақ КСР Семей облысы Абыралы ауданы №2 ауыл) Қарқаралы уезі Абыралы №3 ауылында дүниеге келген.

Ш. Қабылбаевтың бастамасымен Қазақстанның ІІМ-де кадрлар дайындайтын ведомстволық оқу орындары ашылды. 1956 жылы маусым айында Алматыда ІІМ арнайы орта милиция мектебі (бүгінгі ҚР ІІМ Алматы академиясы), 1969 жылы 10 қазанда Қарағанды қаласындағы КСРО ІІМ Жоғарғы мектебі (бүгінгі ҚР Б. Бейсенов атындағы қарағанды академиясы) ашылды. Аталған оқу орындары заң кадрларын дайындаудағы нағыз флагман ретінде танылды. Осылайша Павлодар, Теміртау, Шымкент, Қостанай қалаларында облысаралық оқу орындары-милиция мектептері ашылды.

 Отаны мен халқына көрсеткен қажырлы еңбегі үшін Шырақбек Қабылбаев «Ленин», «Қызыл Жұлдыз», екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, КСРО ІІМ Құрмет грамотасымен «мінсіз қызметі үшін» ІІІ, ІІ, І дәрежелі медалімен т.б. көптеген медальдармен марапатталды. Генерал –лейтенант Шырақбек Қабылбаев 1976 жылы 5 шілдеде 68 жасында дүниеден өтті.

Ел алдындағы Ш.Қабылбаевтың қызметін және оның ішкі істер органдары саласындағы мемлекеттік және кадрлық саясатын жетілдіруге қосқан үлесін ескере отырып, 2014 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1287 Қаулысымен және ол жөнінде мәңгі есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясына Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың құрметті есімі берілді.

Д. Талгабекова

108 оқу тобының кураторы, полиция аға лейтенанты