Кітапхананы ақпараттық қормен толықтыру

Кітапхананың негізгі міндеті — кітапхана қорын қалыптастыру, себебі кітапхана қоры ақпараттық ресурстардың маңызды бөлігі болып табылады. Кітапхана қорын  қалыптастыруға  Академия ғылыми бөліністердің  қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылар құрамы тартылады. Бұл- оның сапасын және оқу үрдісіне сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Өркениеттің техникалық дамуы, адам өмірі деңгейінің жаһандық өзгеруі оқырмандардың ақпараттық  қажеттілігін қанағаттану үшін жаңа тәсілдемелерін  талап етеді.Бүгін электронды тасымалдағыштардағы қорды жинақтау — өзекті  болып табылады.Электронды оқу басылымдар — бұл  заман талабына сай оқу және қызмет етудің  зор әлеуеті.

Жуырда Академияның кітапхана қоры электронды тасымалдағыштарда  70 (жетпіс) дана көлемінде   Академия профессорлық – оқытушылар құрамымен басылып шығарған ,сондай-ақ  ҚР ІІМ Беримбек Бейсенов атындағы Қарағанды  академиясының профессорлық – оқытушылар құрамының монографиялары , оқу және оқу –әдістемелік басылымдары   бар 3(үш ) CD дискте көшірменің  оқу басылымдармен толықтырылды .

Электронды тасымалдағыштарда оқу басылымдар кітапхана оқырмандардың уақытын үнемдейді. Академия курсанттары компьютерлік сыныптарда аз уақыт ішінде сабақтарына дайындалып, ғылыми жұмыстарын (реферат,ақпарат) орындай адлады.

Кітапхананы жаңа оқу басылымдармен қамтамасыз етілу мәселесін шешу – Академияның  профессорлық – оқытушылар құрамымен басылып шығарылған электронды оқу құралдары  болып табылады .

 

 

Кітапхана меңгерушісі 

С.Амирова