Арулар асылжандар, гүл болып шашылғандар!

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні бұрыннын келе жатқан айтулы  мейрам. Осы жарық дүниенің есігін ашқызған аналарымыздың  және болашақ аналардың мейрамы. Бұл мейрамда барлық жерлерде әйелдер қауымын құттықтау қарқынды жүреді. Біздің академия қабырғасында да курсанттарымыз қыздарды жоғары дәрежеде құттықтады.

1 курс курсанттары курс қыздарына ерекше концерттік іс-шара өткізді. 8 наурыз күні сағат 10.00-де басталған концерттен 1 курс ұлдарының екбектеніп дайындалғаны көрініп тұрды. 1 курс курсанттары қыздарды өздерінің күтпеген жерден жасаған сыйлықтарымен таң қалдырды. 71 қызға арнап алынған раушан гүл шоқтарын 71 ұл саптық алаңда  сыйға тартып, қыздарды қолдарынан ұстап концертке алып кірді.  Осындай керемет сезіммен келген қыздардың көңіл-күйімен ризашылықтары жарқырап жүздерінде тұрды.

Концертті 1 курс бастығы полиция подполковнигі А.Тажмұханов курс қыздарына құттықтау сөзімен ашты. Концерт барысында 1 курс ұлдары  би билеп ән шашумен шектелмеген. Олар қыздарға арнап бейне құттықтау жазған. Сонымен қатар әзілді көріністері барлығының көңілінен шықты. Қонаққа келген оқу топтарының кураторлары да 1 курс қыздарын мейрамдарымен шын жүректен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді. Концерт соңында 1 курс бастығы полиция подполковнигі А.Тажмұханов сахна төріне шығып, әр оқу топтарының қыздарына командирлерімен бірігіп, жұмсақ аю ойыншығын сыйға тартты.

1 курс ұлдарының осындай құттықтау жасауына біріншіден курс бастығы полиция подполковнигі А.Тажмұханов және курс бастығының орынбасарларының жасаған жағдайларымен көмектерінің арқасы. Қыздардың тамаша көңіл күйге бөленіп, өздерінің мейрамдарын шынайы сезінгендерін мақсат еткен курс ұлдары мақсаттарына жете білді.  Отбасыларынан жырақта жүрген қыздарымыз бұл академия қабырғасында жалғыз емес екендіктері, олардың қастарында қорғаныш болатын курстас ұлдары әр қашанда қастарында төрт жыл бойы болатындықтарын ұғынды. Осыдан 1 курс курсанттарының арасында достық пен ұйымшылдық бәріненде жоғары тұрғандықтары көрінеді. Осы ұйымшылдық енді 1 курс курсанттарың арасында төрт жыл бойы біріктіре ұстайтын, және олардың бір ерекшеліктері болатындықтарына сенеміз.

Академия курсантарының баспасөз қызметі,

1-ші курс курсанттары