«Ана – аса қымбат жан!»

Аналарды ардақтаған бабалар,

Аруларды құрмет тұтқан даналар.

Құтты болсын мерекесі көктемнің,

Сіздер барда жүректерде жылу бар.

Көктемдегі күндей болып жайнаңдар,

Құтты болсын мерекеңіз арулар,

Құтты болсын тойларыңыз аналар!

Өмірдің көркі — көктем айы мейірім шуағын төгіп, қуанышын қоса ала келді. Бұл айда бар адамзат баласы бас иер үш әріптен тұратын ұлы есім аналарымыздың дәстүрлі мерекесі 8-наурыз күніне белгіленген. Бұл күні төрткүл дүниенің жан иесі, аса қадірлі аналар мен қыз-келіншектерге ерекше құрмет көрсетіліп шын ықылас танытып, сыйлықтар жасап жатады. Тарих парағын парақтасақ, осы күнде әйелдер қауымы өз құқықтарын қорғап, бас көтерген деседі. Бертін келе бұл күнді халықаралық әйелдер күні болып белгіленген екен.

Алғашқы көктем мерекесі жер бетіне өмір сылаушы, нәзік, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол- Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланын тілі шыққаннан-ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң өмірдегі жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар!

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне байланысты күндізгі оқыту факультетінің 1 курсының 108 оқу тобының курсанттарына «Ана – аса қымбат жан!» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мәні, мақсаты курсанттардың аналарына, барша адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту, анаға деген баланың парызы мен қарызы туралы түсінік беру.  Аннаның еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу. Балалардың анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Мерекеге арналған тәрбие сағатында курсантарға шағын дәріс оқылды.

Тәрбие сағатының соңында  108 оқу тобының жігіттері топ жетекшісін және  курсант қыздарды келе жатқан 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, шағын сыйлықтарын тарту етті.

 

 

Д. Талгабекова

108- топ кураторы, полиция аға лейтенанты