Қыздар жиналысы

Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт- қыздарға берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенеді. «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, жан жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Осыған орай ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс бастығы М.Серікұлы мен оның орынбасары Н.Бақытқалиұлы курс қыздарымен тәрбиелік жұмыс жөніндегі жиналысынөткізді.

Жиналыс барысында, курсант қыздарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер Жарлығын және Академияның жалпы ішкітәртібін сақтау, қабылдаған әскери Антқа сәйкес өздеріңді ұстау, өтіліп жатқан пәндердің құпиялылығын, күн тәртібін, әскери тәртіпті,киім кию үлгісін қатаң сақтау сияқты тақырыптар талқыланып, қыздарымыз өздерінтолғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтар қойып, ой бөлісті.

Себебі, қыздарға  толықтай өзінің курс бастығы ретінде жауапты екенін және де қыздардың жазалау шараларын алғандарын қаламайтынын айтып, бастарын қатерге төкпеуін ескертті.

Тағы да айта кетерлік мәселе оқу практикасына шығатын курсанттар Академияның көрінісі екенін айтып, өздерін сыпайы ұстап және оқу тәжірбиесіне шығу кестесін қатаң сақтау туралы айтты.

Көңіл көтеретін ойын сауық кешендеріне бармауын және кешкі уақытта көшеге шықпауларын ескертті.

Болашақта Ішкі істер органдарының үлгілі қызметкерлерін тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз және де «Академия бастығы біздің жоғарғы оқу орнымыз «Мәдениет академиясы» болсын деп үнемі айтып өтетініндей сендерді мәдениеттілікке,инабаттылыққа, кішіпейілділікке және де бастысы құқық қорғау органының қызметкерлеріне тән этиканы сақтауға шақырамын» деп профилактикалық жұмыстарын жүргізіп өтті.

Академия курсанттарының баспасөз қызметі