Сегіз қырлы, бір сырлы курсанттарымыз

2017 жылы наурыз айының 3 жұлдызында Қостанай қаласында орналасқан Қызмет көрсету саласындағы колледждің қабырғасында болып өткен «Шеберлі қолдар» — атты байқауына, аталған оқу орнының 3 – курс студенттерімен бірге Қазақстан Республикасының ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1- курс, 103- топ курсанттары қатысты.

«Шеберлі Қолдар» байқауын 1 – курс басшылығы және 103 – топ жетекшісі полиция майоры Кайнар Ерболат Ержанұлымен бірге Қостанай қызметі саласындағы колледжі директорының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абикенова Алия Мендігалиқызымен ұйымдастырылған болатын. Аталған байқаудың мақсаты болып, алдағы келе жатқан халықаралық әйелдер күніне арналып өткізілді. Бұл байқауда 1 – курс курсанттары аталған оқу орынның студенттерімен бірге, өздерінің дәмді тағамдарды дайындау және тағамды жоғары дәрежеде әзірлеу қажет.

«Шеберлі Қолдар» — атты байқауы 7 – сайыстан тұрады. Сайыстың бірінші бөлігінде, Аспаздардың өздерінің көмекшілерін киіндіру сайысы болып табылады. Сайыстың тәртібі аспазшы ретіндегі студенттер, өздерінің көмекшілері курсанттарды жылдам киіндіріп шығу. Төртке бөлінген командалардың жеңіске жеткендерінің уақыты мен әрекеттерін қазылар алқасы бақылап отырды.

Келесі байқауда қатысушылар жеміс жидектерді сәнді түрде кесіп, оларды әзірлеу қажет.  Сайыстың негізгі шарты болып, бұл аспаздардың көмекшілермен бірге тең үлестерін қосып әзірлеу. Олардың әрекеттерін және тәртіпті бұзбауын әділ-қазылар бақылап өздерінің бағасын беріп отырды.

Сайыста барлық командалар өздерінің шеберліктерімен ерекшеленді. Қатысып отырған курсантар өздерінің шеберліктерімен ерекшеленді. Яғни, курсант Төрекұл      Кәсембек банан жемісін дельфин тәрізді сәндеу онерімен таң қалдырды.

Сайыстың қызу кезеңінде қатысушылар жемістерді (май, апельсин шырыны және коньяк сусынын) қолдану арқылы диссерт жасап шықты.

Сайыс барысында 103 – топ курсанты Дамир Мирас «Фламбе» тәсілін қолданып таң қалдырды. Яғни, тағамды дайындау барысында Дамир Мирас тәжірибелі аспазшы секілді, ашық  отпен дайындауды көрсетті.

 «Шеберлі қолдар» байқауының қорытындылары бойынша, барлық команда қатысущылары жеке номинациялық жеңістерге жетті.

«Шеберлі Қолдар» байқауының қорытындысы бойынша

«Таңқалдырарлық көмекші»наминациясын курсант Тайбеков Батыржан иеленді

 «Сыбатты көмекші» наминациясын курсант     Дамир Мирас иеленді

«Іске шеберлі» наминациясын курсант  Есханов Еламан иеленді

                  «Алтын қолды» наминациясын курсант Төреқұл Касембек иеленді

Жалпы байқаудың мақсаты мен нәтижелері бойынша 1 – курс тыңдаушылары өздеріне керектісін игеріп, өмірлеріне қажетті тәжірибені алғанын көруге болады.

 

1 – курс басшылығы және 103 – топ жетекшісі Кайнар Е.Е.