ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУ

Қазақ тілін меңгеру – қазіргі заман талабы. Бұған оқу орнында жақсы жағдай жасалған. Атап айтқанда, Академия мен Қостанай облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы арасында орнатылған ынтымақтастық өзінің жемісін бере бастады. Бүгінде қазақ тілін Облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы, тәжірибелі ұстаз Айткүл Масақбайқызы Доспанова жүргізеді. Сабақ аптасына екі рет оқытылады. Қазақ тілі курсына қатысатын қызметкерлер өзге шаралардан босатылған. ҚАЗТЕСТ жүйесіне негізделген қазақ тілі курсы аяқталған соң, білім алушылар диагностикалық тестілеуден өтеді.

Қазіргі кезде, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия отырысының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №20-5/07-542 хаттамасында көрсетілген «2017 жылдан бастап жыл сайын ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуді жүргізу жұмыстарын пысықтау» жөніндегі тапсырма іске асырылуда.

Ендігі меже – ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген: «мемлекеттік тілді білудің «Қазтест» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі бойынша сертификат алған мемлекеттік қызметшілердің үлесін (2017 жылға қарай кемінде 50%, 2020 жылға қарай 100%) жеткізуді» жүзеге асыру.

 

Құрбанәлі Елмұратов,

Мемлекеттік тіл

бөлімшесінің бастығы