Алғыс айту күні

Көктемнің алғашқы күні — бұл ерекше естілетін күн. Қыстың ызғары қайтуға аз қалып, қара жерді басқан ақ жамылғы қар да ери бастайтын кезең. Міне осындай керемет сезімге бөлінетін ерекше күнді «Алғыс айту» күні деп  бекітілді. Бұл күні барлық адамдар жақындарымен, өздерінің өмірлеріндегі барлық  жақсылықтарға рақмет айтып, алғыс білдіреді.

Бұл күні барлық жерлерде салтанатты түрде қызметтері мен еңбектері үшін көптеген адамдарды алғыс хатпен марапаттау дәстүрге айналғаны мәлім. Біздің Академияда да бұл күн ерекше болды. Бүкіл академия саптық алаңға сапталып, оқу мен спортта жетістікке жеткен курсанттарды алғыс хатпен марапаттады. Әр курстан оқу үлгерімі өте жақсы курсанттармен қатар спорттағы жетістіктері үшін және Академия, курс өмірінде белсенді курсанттарды «Алғыс хатпен» марапаттады. «Алғыс хатпен» марапатталған курсанттардың арасынан ата-аналары келген курсанттарда болды. Балаларының жетістікке жетіп, Академия тарпынан олдардың еңбектері елеусіз қалып жатпағандықтарын көріп, риза болған ата-аналардың жүздері көңілді көрінді.

Академия бастығы полиция полковнигі М.Қызылов құттықтау сөз айтып, курсанттардың осындай жетістіктеріне алғыс білдірді. Саптық таралымнан кейін Академия бастығы ата-аналармен фотосуретке түсіп, келгендері үшін алғыс білдірді. «Алғыс хат» алған курсанттардың ішінде 1 курс курсанттары да болды. Атап айтқанда оқудағы жетістіктері үшін 9 курсант, спорттағы жетістіктері үшін 3 курсант және академия мен курс қоғамдық жұмысына белсене қатысқаны үшін 1 курсант марапатталды. Марапатталған курсанттарды 1 курс бастығы полиция подполковнигі Ә.Тажмұханов өзі де жеке құттықтап белсенділіктері үшін алғыс білдіре отырып, барлық курс курсанттарына алғыс жолдады.

Академия курсанттарының баспасөз қызметі,

1 курс курсанты

Досжан Әділдәбеков