Алғыс айту курсанттар көзқарасымен

ҚР Президенті Н. Назарбаев 1 наурыз күнін «Алғыс айту» күні деп белгілеуіне байланысты 3 курс 312 топ курсанттары өз ұстаздарына алғыс айтты.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Қымбатты да қадірлі «Педагогика және психология» кафедрасының ұстаздар қауымы, осы адалдығы мен жауапкершілігі мол кәсіпті атқарып жүргендеріңізге көп рахмет айтамыз. Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

Шәкірттеріне аса мейірімді, шыншыл мінезді, пейілі дархан ұстаздар! Біздерге білім беріп, білмегенімізді үйретіп қана қоймай, өмірдің қиындықтарына төзе білуге үйретіп келеді. Өздерінің біліктілігімен қаншама курсаттардың үздік маман болуына септігін тигізуде. Ел ертеңі болып табылатын ұландарының бойына адамгершілік пен адалдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді бойымызға сіңіруде талмай еңбек етіп келе жатқан ұстаздарымызды мақтан етеміз.

Полиция қатарындағы

Ә. Ермекбай